Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 ноября 2018 21:33

Елімізде жыл басынан бері 40 мыңнан аса ер адам декретке шыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© varjag.net © varjag.net

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Әйелдер декретте демала ма?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Әйелдер декретте демала ма?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламаға декрет уақытында жұмыс істеп ақша тауып отырған аналар келді. Айнұр Қуатқызы үйінде тоқыма тоқып, ақша тауып отыр. Тіпті, ол екінші баласын тапқан уақытта екінші демі ашылып, жұмысқа деген ынтасы артқанын айтады. 

"YouTube желісінен тоқып үйрендім. Жасаған заттарымды Instagram-парақшама сала бастадым. Шарф, бас киім тоқып, балама кигізіп суретке түсіретінмін. "Бізге де тоқып берсеші" деп қызығушылық танытқандар болды. Басында тапсырыс бергеніне қатты таңғалып та қалдым. Кейін жіптерді зерттеп, ненің қалай болатынын біліп, тоқыған заттарды сата бастадым. Қолдан жасалған заттар трендке енді. Мысалы 1500 теңгеге жіп алып, бас киім тоқып, оны 5 мың теңгеге сатамын", - дейді Айнұр Қуатқызы.

Оған қарсы тарапта пікір білдірген Гауһар Молдашева бағдарлама барысында "Мен таза ауаның бастығымын" деп қалжыңдады. 

"Бес балам бар. Мен солардың бастығымын. Жұмыс істеп жүріп, декретке шығып жүрдім. Үлкен қызым қазір студент. Бесінші жыл болды үйде отырмын", - дейді Гауһар Молдашева. 

Заңгер Айнұр Махметова осы тақырыпқа байланысты еңбек кодексінің баптарын жіктеп берді.

"Еңбек кодексінің 99 және 100-баптарына сәйкес, үш жағдайда әйел адам еңбек демалысына шығады. Біріншісі бала туғанға дейін (жүктілік мерзімі 70-күн), екіншісі бала босанғаннан кейін (56 күнге шығады және үшіншісі бала босанғаннан кейін ер немесе әйел отбасылық мәмілеге байланысты қайсысы бала үш жасқа келгенге дейін ақысыз демалысқа шығуын таңдайды. Бірақ олардың мемлекет тарапынан бөлінетін әлеуметтік жәрдемақысы кім шықса да бірдей. Жеке мекемеде жұмыс істеп жүріп, ер адам декретке шығып, тағы жұмыс істеп жүруі мүмкін, алайда құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттен қаржыландырылатын мекемелерде жұмыс істейтін адамдар кәсіппен айналыса алмайды", - дейді заңгер.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басқарушы директоры Нұрсұлу Кемел балалы болған отбасыға мемлекет тарапынан қандай көмектер берілетінін мәлімдеді.

"ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес бізде бала туғаннан кейін жалақысы сақталмайтын бала күтіміне байланысты демалысты анасы не әкесі өз қалауына байланысты рәсімдейді. Бұл рәсімдеу үш жылға дейін беріледі. Биылғы статистика бойынша 42 477 әке бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді өз атына рәсімдеді. ҚР балалы отбасыларды қолдау кешенді түрде жүзеге асырылады. Бізде әлемдік тәжірибелерді зерделейміз. Зерттеу барысында отбасында табысы бар және жоқ болып екіге бөлеміз. Осы көрсеткішке байланысты әлеуметтік төлемдер қарастырылады. Барлық төлем бір терезе арқылы жүргізіліп жатыр. (...) Жүктіліктің 30-шы аптасында әйел адам еңбекке жарамсыздығына байланысты демалысқа шығады. Осы уақытта тиісті әйелге бір реттік төлем рәсімделеді. Арада екі ай өткенде бала туады, мемлекет тарапынан бір реттік жәрдемақы (жөргекпұл - 91 390 теңге) беріледі.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети