Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 июня 2020 11:15

Елімізде санитарлық көлік тапшылығы мәселесі қашан шешілетіні айтылды

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бақтияр Жүсіпов өңірлерде санитарлық көлік тапшылығы мәселесі қашан толық шешілетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бақтияр Жүсіпов өңірлерде санитарлық көлік тапшылығы мәселесі қашан толық шешілетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, бүгінде еліміздегі жедел жәрдем қызметінде 1 967 санитарлық көлік бар.

"Оның 600-і ауылда. Жалпы өткен жылы көлік тапшылығын жою мақсатында 293 санитарлық көлік сатып алынды. Биыл 807 көлік сатып алу жоспарланып отыр. Барлық санитарлық көлік лизинг аясында отандық тауар өндірушілерден сатып алынады", - деді басшы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, Бақтияр Жүсіпов қазіргі таңда жедел жәрдем көлігін құрастыру және оны жеткізу мәселесі қаралып жатқанын атап өтті. Ол өңірлерде санитарлық көлік тапшылығы мәселесі күзде толық шешілетінін жеткізді.

"Біз осы жылдың қараша айына дейін көліктер пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз. Бұл өңірдегі санитарлық көлік тапшылығы мәселесі толық шешеді", - деп түйіндеді сөзін басқарма төрағасының міндетін атқарушы.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда жедел жәрдем қызметін шақыру айтарлықтай өскені хабарланған еді

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети