26 января 2021 | 15:14

Енесі күйеубаласына жинағын табыстай ала ма? Жиі қойылатын 10 сұраққа жауап

Біржолғы зейнетақы төлемін үйді жөндеу үшін алуға бола ма? Қандай туыстар арасында зейнетақы жинағын табыстауға болады? Tengrinews.kz тілшісі осыylfq маңызды сұрақтардың жауабын дайындады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Біржолғы зейнетақы төлемін үйді жөндеу үшін алуға бола ма? Қандай туыстар арасында зейнетақы жинағын табыстауға болады? Tengrinews.kz тілшісі осыylfq маңызды сұрақтардың жауабын дайындады. 

1. БЖЗТ алған кезде салықты қалай төлеуге болады?

Реклама
Реклама

Бұл сұраққа "Отбасы банк" өкілі Расул Рамазанов жауап берді.

"Порталда өтінім берген кезде салықты бірден алуын не зейнетке шыққаннан кейін ай сайын алып тұруды таңдауға болады. Мысалы қазір бір жолғы зейнетақы төлеміңізді алып, ол шамамен 2 миллион теңге болса, 200 мың теңге (10 пайызын) бірден төлей аласыз не зейнетке шыққан кезде сол 200 мың теңгені бөліп төлеп отырсаңыз болады", - деді "Отбасы банк" АҚ Сату және аймақтық даму департаментінің бас менеджері Расул Рамазанов Instagram желісінде өткен онлайн-брифингте.

Егер ақшаны тұрғын үй үшін алса, шешіп алынған ақшаның 10 пайызы салық ретінде ұсталады. 

2. Алушының еншісінде тұрғын үй болса, біржолғы зейнетақы төлемін ала ала ма?

Алушының меншігінде тұрғын үйі болуы біржолғы зейнетақы төлемдерін алуына және пайдалануына кедергі болмайды.

3. Онлайн-платформадағы өтінімдер неге жойылып кетуі мүмкін?

Онлайн-платформада өтінім жойылса немесе жүйе соманы дөңгелектуіңізді сұраса, онда бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін:

1. Егер қажет сома "0" деп көрсетілсе, онда сіздің өтініміңіз жойылады;
2. Егер қаражат сомасы қосымша белгілермен көрсетілсе.

Мысалы, "1.000.000" немесе "1000000,00" түріндегі сомаларды жүйе қабылдамай, дөңгелектуді сұрайды. Яғни соманы қосымша белгілерсіз "1000000" немесе "1234567" түрінде көрсету керек. 

4. Зейнетақы жинағын үйдің бастапқы жарнасы ретінде қолдануға бола ма?

Зейнеқы жинағын ипотеканы жабу үшін ғана емес, пәтер сатып алу кезінде алғашқы жарна ретінде де пайдалануға болады. 

5. Зейнетақы жинағын қандай туыстарға табыстауға болады?

Зейнетақы жинақтарын табыстау үшін, алдымен Отбасы банкінде арнайы шот ашу қажет (қаражатты табыстаушыға да, қабылдаушыға да).

Зейнетақы жинақтары тек жақын туыстар арасында табысталады.
Оларға келесі қарым қатынастағы туыстар жатады:

ерлі-зайыптылар; ата-аналар; балалар; бала асырап алушылар/ асырап алынғандар; туған немесе әкелері/аналары бөлек аға-інілер мен әпке-сіңілілер; аталар/әжелер.

Мысалы, енесі мен күйеубаласы арасында жинақты табыстауға болмайды. 

6. Зейнетақы жинақтарын жөндеу жұмыстарына алуға бола ма?

"Отбасы банктің" өңірлік даму директоры Рахиля Балтабаева ережеде зейнетақы жинақтарын жөндеу жұмыстарына алу қарастырылмағанын айтады.

"Өкінішке қарай, ережеде жөндеу жұмыстары қарастырылмаған. Сіз бір шарт шеңберінде тұрғын үй сатып алып, жөндеу жүргізген болсаңыз, жөндеу жұмыстарын жасай аласыз. Жеке жөндеу үшін рұқсат етілмейді", - деді ол.

7. БЖЗТ-ны жекеменшік үй құрылысына жұмсауға бола ма?

Құрылысқа жұмсауға болады. Бұл жағдайда құрылыс ақша есептелген күннен бастап 24 айда салынып бітуі қажет. Жер учаскесін сатып алуға да болады, бірақ БЖЗТ арқылы үй құрылысын салу қажет. Зейнетақы жинағы арқылы тек жер учаскесін сатып алуға болмайды. 

8. БЖЗТ арқылы ипотека ертерек жабылса, пәтерді 5 жыл бойы сатуға болмайды деген талап сақтала ма?

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, меншікке рәсімделген жылжымайтын мүлікті бес жыл бойы сатуға болмайды. Егер мүлік сатылса, зейнетақы төлемдерінің сомасын қайтаруға тура келеді. Норма өтеу мерзімі бес жылдан асатын және олар бойынша өтелмеген берешегі бар ипотекалық тұрғын үй қарыздарына ғана қолданылады. Яғни, егер ипотека бұрын төленген болса, мораторий алып тасталады.

9. Өтінімді қай уақытқа дейін беруге болады?

Арнайы платформа 23 қаңтарда ашылған болатын. Өтінім беру уақытында шектеу жоқ, кез келген уақытта өтінім қалдыруға болады.  

10. Біржолғы зейнетақы төлемдерін қанша рет пайдалануға болады?

Біржолғы зейнетақы төлемдері шексіз рет пайдаланылады. Егер қажет болған жағдайда, тағы да алуыңызға болады. 

Сұрақтардың жауабы "Отбасы банк" пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәлімдемелері негізінде жасалды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная