Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 января 2022 10:20

Эпиджағдайға үш сценарий бойынша болжам жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда омикрон штамының анықталуына байланысты эпидемиологиялық жағдайға үш сценарий бойынша болжам жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


Қазақстанда омикрон штамының анықталуына байланысты эпидемиологиялық жағдайға үш сценарий бойынша болжам жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сөзінше, оптимистік сценарий кезінде, ревакцинациямен 100 пайыз қамтып, алдын алу шараларын жаппай сақтаған жағдайда тәулігіне 17 мыңнан аса жағдай тіркеледі. 

"Шынайы сценарийге байланысты, ревакцинациямен 70 пайыз қамтылған жағдайда тәулігіне 25,5 мың жағдай тіркелуі мүмкін. Ал пессимистік сценарий бойынша: алдын алу шарасын сақтамай, ревакцинациямен 40 пайыз қамтылған жағдайда тәулігіне 40 мың жағдай анықталуы мүмкін", - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны бір миллионнан асты. Статистика бойынша, жалпы COVID-19 жұқтырғандар саны 1 004 464-ке жетті.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети