КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
01 февраля 2021 | 11:41

“Ереже жайына қалып отыр“. Тіл маманы жетілдірілген латын әліпбиін сынға алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Әлімхан Жүнісбектің Facebook-парақшасынан Әлімхан Жүнісбектің Facebook-парақшасынан

Таяуда латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жетілдірілген нұсқасы жарияланған. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы Әлімхан Жүнісбек жаңа нұсқаны сынға алды. Оның сөзінше, "жетілдірілген" әліпбидің жетілмеген тұстары бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Таяуда латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жетілдірілген нұсқасы жарияланған. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы Әлімхан Жүнісбек жаңа нұсқаны сынға алды. Оның сөзінше, "жетілдірілген" әліпбидің жетілмеген тұстары бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Филологтың пікірін Facebook желісінде журналист Мейрамбек Таубалдиев жариялады.

Әлімхан Жүнісбектің айтуынша, "у" әрпінің қызметін шатастырып жүргендер көп екен.

"Бірі "жануар" дегенде "у" дауыссыздан кейін тұр, сондықтан ол дауысты болады" десе, екіншісі "жоқ, "у" дауыстының алдында тұр, сондықтан ол дауыссыз болады" деп, таласып жатса, енді бірі "алуа, тәрбие, әулие деген сөздерді буынға бөле алмай жатырмыз" деп шарқ ұрады. Мұның бәрі - қазіргі бейрет кирилл әліпбиіміз бен бейберекет кирилл емлеміздің салдары", - дейді Әлімхан Жүнісбек.

Оның пікірінше, кирилл әліпбиінде шешімін таппаған олқылықтар сол күйі латын әліпбиіне көшіп жатыр.

"Жетілдірілген әліпби құрастырушылар "бір дыбыс - бір таңба" ұстанымын басшылыққа алдық дейді, алайда ереже жайына қалып отыр. Өйткені, қайталай берейік, кирилл емле сол күйінше көшіріліп отыр. Осындағы ұу/үу, ый/ій дыбыс тіркестерін бір таңбамен у[u], и[i] деп белгілеп беріп, оларды дауысты дыбыстар деп, әліппеден бастап жалған үйретіп келеміз", - дейді маман.

Оның айтуынша, дауыссыз дыбысты дауысты дыбыстың таңбасымен белгілеуге болмайды. Профессор "у" әрпін "u" емес, "w" арқылы таңбалауды ұсынған.

"Қазақтың жіңішке әуезді "і" дауысты дыбысын дәйекшісіз "ɪ" таңбасымен белгілеуге болмайды. Дәйекшісіз әріппен жуан әуезді дыбыстар таңбаланады. Ахаңның (А.Байтұрсынұлының) дәйекші теориясына кереғар шешім болып отыр. Оның үстіне кійім [kiɪm] дегенде дауыссыз дыбыс түсіп қалып, екі дауысты іі[iɪ] болып орынсыз тіркесіп тұр", - дейді ол.

"Ахаңнан келе жатқан дыбыс таңбалау жүйесі бар. Бұл жерде сол жүйе бұзылып, дауыссыз "у" таңбасы дауыстылардың қатарына, ал жуан әуезді "ɪ" таңбасы жіңішке әуезді дауыстылар қатарына еніп кеткен, сөйтіп бүкіл дыбыс жүйесі де, әріп жүйесі де айқыш-ұйқыш бұзылып тұр. Ендеше әуез таңбалар жүйені бұзбай өз орындарында тұруы керек болады", - дейді ол.

Әлімхан Жүнісбек сынға алған тағы бір тұс - "и" мен "й" әріптерін бірдей таңбалау.

"Орыс тілінің созылыңқы и[i:] дауысты дыбысы мен қазақ тілінің үнді й[y] дауыссыз дыбысын бір таңбамен белгілеуге еш болмайды. Мұның емлеге еніп кеткелі тұрған бейсауат қайшылық екенін естен шығармау керек. Сонымен қатар, дауыссыз дыбыстың халықаралық [y] таңбасымен дауысты "ы" дыбысын белгілеуге болмайды. Қазақтың "ы" дауысты дыбысының өзіндік [ɪ] таңбасы бар", - дейді филолог.

Сондай-ақ, профессор кирилл әліпбиінен бері бұзылған тағы бір заңдылықты атады.

"Қазақ тілінде сөз ішінде буын дауысты дыбыстан басталмайды. Кезінде Ахаң атап көрсетіп кеткен тіл заңдылықтарының бірі еді, енді сол ереже жаппай бұзылып жатыр", - дейді ол.

Әлімхан Жүнісбек қазақ тіліндегі буын ретіне де тоқталды.

"Қазақ тілінің мызғымас заңдылығы бар: егер алғашқы буын жіңішке әуезді болса, онда келесі буын да (буындар да) жіңішке әуезді болады. Үндесімі бұзылып тұрған буындарды көрнекілеп көрсетуге тырыстық. Бірінші буындағы жіңішке әуезді "и" дыбысын көріп отырған балаға келесі буындардың жуан әуезін қалай түсіндірерсің?" - дейді ол.

Профессор осының керісінше нұсқасын да айтты.

"Қайталауға тура келеді, қазақ тілінің мызғымас заңдылығы бар: егер алғашқы буын жуан әуезді болса, онда келесі буын да (буындар да) жуан әуезді болады. Үндесімі бұзылып тұрған буындарды көрнекілеп көрсетуге тырыстық", - дейді ол.

"Әліпби мен еміле тек сауат ашудың құралы емес, тілде дауысты мен дауыссыз, буын мен тасымал, түбір мен қосымша бар екенін білдіретін тілтанымдық құрал болу керек. Осы тұрғыдан ең қарапайым оқи, оқу сөздеріне морфологиялық талдау қажет болды дейік. Бұл қазақ тілінің фонетика-грамматикасын оқытудағы басты талап болып табылады ғой. Енді қарайық, бала оқи деген сөзден көсемшенің жұрнағы деп "и" әрібін алып тастайды, ал оқу деген сөзден тұйық рай көрсеткіші деп "у" әрібін алып тастайды, сонда сөздің түбірі "оқ" болғаны ма?", - деп жазды профессор.

Әлімхан Жүнісбек бұл ұсыныстарын қоғам қалай қабылдауы мүмкін деген сұраққа жауап беріп кетті.

"Қазіргі қоғам "су", "бу" деп жазғанға көзі әбден үйренген, "сұу", "бұу" деп жазғанды қабылдамайды-мыс. Расты рас деу керек, қазіргі қоғам дәл солай, оны мен білмей отырған жоқпын. Жарты ғасыр бойы су, бу деп тоқпақтай берсе, сеніп қалмағанда не істейді. Сеніп қалған нәрсе бұрыс болса да дұрыс көрінетіні анық. "Бұу" мен "сұуды", "мый" мен "қыйды" қазіргі қоғам қабылдамайды деп бас ұра беретін болсақ, жазуымызға реформа жасап несіне әуре болып жатырмыз?", - деді профессор.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer