1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

"Ескі дүкен орнына ашылған". Тұрғындар Қарағандыдағы жаңа мәдениет үйін сынға алды 26 июля 2021, 12:40

Қарағанды облысында тұрғындар жаңадан салынған мәдениет үйін сынға алды. Ол ескі дүкеннің ғимаратынан ашылған. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Қарағандыдағы жаңа мәдениет үйі. Сюжет кадры Қарағандыдағы жаңа мәдениет үйі. Сюжет кадры

Қарағанды облысында тұрғындар жаңадан салынған мәдениет үйін сынға алды. Ол ескі дүкеннің ғимаратынан ашылған. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

Жоба тілшісінің мәліметінше, Қарағанды облысына қарасты Дәрия кентінде екі қабатты болады деп жоспарланған мәдениет үйі ескі дүкеннің ғимаратынан ашылған. Халық 30 жыл бойы күткен нысан жоспардан төрт есе кішкентай. Алайда құрылысқа екі ғимарат салатындай қаржы жұмсалыпты. Жаңа мәдениет үйі ауыл орталығында емес, шалғайда орналасқан және ол тек қырық адамды қабылдай алады. 

Журналистердің мәліметінше, ғимарат теміржол мен электр трансформаторының маңында тұр. Тұрғындар мәдениет үйіне күнде үйірмеге баратын балалардың қауіпсіздігі үшін алаңдаулы. 32 миллион теңге жұмсалған нысанның әжетханасы да сыртта.

"Бұл мәдениет ошағы ма? Әлде, құр жәй көзбояушылық, әйтеуір ақшаны бөлдік, бюджеттің ақшасын игердік, сонымен жоғарыға ақпарат беру. Одан басқа ештене деп түсінбейміз. Бұны тексеретін құзіретті органдар бар, тексерсін", - дейді кент тұрғыны Сәбит Өскембеков.

Aibat мәліметінше, басында кентте 150 орындық мәдени ошақ салу жоспары болған. Оның құны 37 миллион теңгеге бағаланып, екі қабатты ғимарат ұсынылыпты. Алайда Шет ауданы әкімдігіне жоспар ұнамай, таңдау ескі дүкеннің ғимаратына түскен. Енді ғимарат жоспардан 4 есеге кішкентай, ал үнемделген қаражат - 5 миллион теңге.

Шет аудандық Мәдени-сауық орталығының директоры Әсемгүл Ахметжанова ескі ғимаратты жөндеу қиын болғанын айтады. 

"Жаңа ғимарат салынса, ол жеңілдеу болар еді. Бұл жерде ескі ғимаратты қайтадан жөндеу кішкене қиын болып тұр. Төбесі толық қайтадан ашылып жабылды. Ішкі бөлмелері бұзылды. Соның бәрі сметалық құжатта көрсетілген", - деді Әсемгүл Ахметжанова.



Join Telegram