Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 апреля 2020 14:54

Есірткіге тәуелді адамдарды қалыпты өмірге қайтару керек - Назарбаева

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Сенат спикері Дариға Назарбаева Қазақстандағы есірткімен күрес мәселесін күшейту керегін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат спикері Дариға Назарбаева Қазақстандағы есірткімен күрес мәселесін күшейту керегін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сенатор Андрей Лукин премьер-министр Асқар Маминге елдегі есірткімен күрес шаралары тиімсіз екенін айтып, депутаттық сауал жолдады.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанның есірткімен күрестегі қазіргі шаралары нәтижесіз болып отыр. 

"Бүгінде нашақорлық мәселесі еліміздің қауіпсіздігі мен ұлт денсаулығына қауіп төндіріп тұр. Көптеген дамыған елде құқықтық, медициналық, әлеуметтік, есірткіге тәуелділікке қарсы оңалтуды қамтамасыз ету және есірткіге қарсы күресті насихаттау жүйесі бар. Қазақстанда, өкінішке қарай, мұндай жүйенің жағдайы мәз емес. Қазір есірткіге тәуелділіктің өсуі, есірткі шегіп алып қылмыс жасаудың көбеюі Үкімет тарапынан, сондай-ақ қоғам тарапынан шұғыл шара қабылдауды талап етеді. Қазақстанда наркомания проблемасына баса назар аудару керек", - деді ол Сенат отырысында.

Жоғарғы палатаның спикері Дариға Назарбаева депутаттың көтерген мәселесін қолдап, қазір елімізде 300 мың нашақор ресми тіркелгенін атап өтті.

"Сіз өте маңызды мәселе көтердіңіз. Себебі бізде мұндай мәселе жоқ сияқты наркомания тақырыбы туралы үндемей қалатын "дәстүр" бар. Бірақ есірткі проблемасы бар. Статистика бойынша, бізде ресми түрде тіркелген 300 мың адам бар. Салалық комитет осы мәселемен айналысса жақсы болар еді. Сіздер оңалту орталықтарына барып, олар қалай емделіп жатыр, орталықтардың жағдайы, сапасы, қолжетімділігі, тиімділігін қарасаңыздар екен. Емделген адамдардың қанша пайызы қайтып келеді. Профилактикалық шаралардан бөлек, мұндай адамдарды емдеп, қалыпты өмірге қайтаруды ойлау керек. Бұл да - өте маңызды мәселе. Сондықтан жұмыстың тағы бір бағыты шықты. Дүние жүзіндегі барлық ел есірткімен күресіп жатыр, бірақ әзірше сәтсіз... Біздің кедендегі шекара қызметі территориямыз арқылы есірткі транзитімен қалай күресіп жатқаны туралы да сұрақ бар. Бүгінде бұл үшін техникалық мүмкіндіктер жеткілікті,  алдын алу және жою үшін заманауи мүмкіндіктер бар. Қалайсың не қаламайсың дегендей. Үшінші сұрақ қойылмайды", - деп түсіндірді Сенат спикері Дариға Назарбаева. 

Сенатор Андрей Лукин Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында есірткімен күресу үшін мына шараларды ұсынды:

  • Барлық аймақта мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөнінде ведомствоаралық штабтың жаңа құрамын бекіту керек. Олардың құрамына мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін қосу керек. Мұндай штабтардың жұмысын бақылау республикалық ведомствоаралық штабқа жүктелсін;
  • Есірткіге қарсы күрес және профилактикалық шаралар туралы баяндайтын жергілікті және республикалық БАҚ өкілдерінен құралған журналистер пулын құру керек. Олар мәселенің мәнін, қалай шешіліп жатқанын халыққа жеткізіп отырады;
  • Есірткі және психо-белсенді заттарды жарнамалайтын сайттардың жолын кесу керек;
  • Қоғамдық орындарда есірткі шеккен адамдардың жүруіне жол бермеу. Әйтпесе, мұндай әрекетті көрген кезде құқық қорғау органдарының есірткіге қарсы шараларды қабылдамай отыр деген қате түсінік қалыптасады; 
  • Синтетикалық есірткі және оның түрлерін тез анықтайтын жаңа жабдықты сатып алуды қаржыландыру;
  • Халықаралық есірткі тасымалдарының алдын алу үшін қызметтік иттерді қоса отырып, мобильді топтар құруды пайдаланып, синтетикалық есірткі және оның басқа да түрлерін анықтайтын баламалы жолдарды анықтау. Бұл пошталық сәлемдемелерді қадағалауға көмектеседі. және т.б.

Еске салайық, бүгін Сенат отырысында көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны өсіру туралы заң қабылданды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети