ПОДЕЛИТЬСЯ
21 мая 2018 | 16:40
Фариза Оңғарсынованың атын беру ұсынылған көшенің қазіргі жайы
Алматыда көшелердің біріне ақын Фариза Оңғарсынованың атын беру ұсынылды. Қазір бұл көшенің атауы Ақсай. Алатау ауданына қарасты Алғабас ықшамауданындағы айтарлықтай үлкен көшелердің бірі. Көшенің қазіргі көрінісі мен атауының өзгеруі туралы жергілікті тұрғындардың пікірі қандай екенін Тengrinews.kz материалынан оқыңыздар.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда көшелердің біріне ақын Фариза Оңғарсынованың атын беру ұсынылды. Қазір бұл көшенің атауы Ақсай. Алатау ауданына қарасты Алғабас ықшамауданындағы айтарлықтай үлкен көшелердің бірі. Көшенің қазіргі көрінісі мен атауының өзгеруі туралы жергілікті тұрғындардың пікірі қандай екенін Тengrinews.kz материалынан оқыңыздар.
Ақсай көшесі қаланың төменгі жағында, №7 Қалалық клиникалық ауруханасының маңында. Жібек жолы базарының артқы жағынан басталады да Рысқұлов даңғылынан ары асып кетеді. Орта тұсына таман жоғарыда аталған Рысқұлов даңғылы келіп тіреледі.
Рысқұлов пен Райымбек даңғылдарын байланыстырып тұрған көшелердің бірі болғандықтан, мұнда жүріп жатқан көлік саны көп. Қоғамдық көлік те тоқтаусыз жүріп тұратын сияқты.
Жергілікті тұрғындар көше атауының ауысуына оң көзқараста екенін білдірді. Тек кейінгі құжат ауыстыру мәселесіне әкімдік болысса дейді.
"Кеңес кезінен келе жатыр ғой Аксайская деп, бұрын осында совхоз болыпты. Жеміс-жидек, көкөніс өсірген. Қазір үйлер. Енді ақын адамның атына бергені жақсы ғой, белгілі кісі болған. Тек құжаттарына әкімдіктегілер болысатын шығар енді", - дейді жергілікті тұрғын Қалмұрат Абдуллаев.
Көшенің басынан аяғына дейін тасжол төселгенімен Рысқұлов даңғылынан ары қарай үйлердің көрінісі қаланы емес, ауылды жерлерді көбірек еске салады. Мұнда тасжолдан бөлек, адамдарға арналға тротуар толықтай салынбаған екен. Нақтырақ айтсақ, кей тұстарында ғана бар. Дегенмен жаяу жүргінші жолдары жиі кездеседі.
Көшенің тағы бір ерекшелігі - жол бойындағы асханалардың көптігі.
Айта кетейік, Алматы мәслихатының комиссиясы Бостандық және Алатау аудандарындағы 164 көшенің атауын қайталанып келуіне байланысты өзгерту туралы ұсыныс жасаған болатын.
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова 2014 жылы 75-ке қараған шағында дүниеден озған еді.
Показать комментарии
Читайте также