РЕЙТИНГ ДЕПУТАТОВ СЕНАТА
09 августа 2023 | 15:19

"Ғимараттары быт-шыт". Алматыда тағы бір лагерьге қатысты шу шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Massaget.kz / ата-анадан Фото: Massaget.kz / ата-анадан

Алматыда балалар лагеріне қатысты тағы да шу шықты. Редакцияға жүгінген оқырмандардың бірі баласы Бостандық ауданында орналасқан "Южный Домостроитель" лагерінде демалып жатқанын, бірақ онда жағдай талапқа сай емес екенін жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда балалар лагеріне қатысты тағы да шу шықты. Редакцияға жүгінген оқырмандардың бірі баласы Бостандық ауданында орналасқан "Южный Домостроитель" лагерінде демалып жатқанын, бірақ онда жағдай талапқа сай емес екенін жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Оқырман жолдаған аудиода бала екі мезгіл қарақұмық жегенін айтады.

"Түсте қарақұмық берді, кешке тағы қарақұмық берді", - дейді бала аудиода.

Ашынған ата-ана да лагерь тым ескі екенін, бұл балаларды қорлау екенін жеткізді.

"Өздерінен сұрасам, қайта-қайта сырланған ескі ғимаратта бір бөлмеде 10 адамнан жатады дейді. Дұрыс емес қой. Баланы қорлау ғой. Ұлдың жіберген фотосы. Баяғыда ауылда Кеңес заманында тұрғызылып, 90-жылдары қараусыз қалып қойған ғимараттар болады ғой. Мынау соның іші ғой. Төсекті, төсектің аяғын қараңыз. Ұл осы төсекте жатыр екен. Ұят қой", - дейді ата-ана.

Сондай-ақ, баланың ата-анасы лагерь қауіпті жерде орналасқанын, табиғи апаттар кезінде шыдамауы мүмкін айтты.

"Сайтына кіріп көріп едім. Ойын алаңында балаларды әдемі қылып түсіріп, іліп қойған. Өздерінің де ойын алаңы емес. Кеше көрдім. Ғимараттары быт-шыт. Ең қауіптісі ескі мыжырайған үйлер, Құдай сақтасын, көшкін, жер сілкінісі болса, тура жардың, таудың астында тұр", - дейді ата-ана.

Осы мәселелерге байланысты лагерьдің өкілдеріне хабарластық. Ол балаларға арналған меню барын айтты.

"Аса қатты жап-жаңа лагерь емеспіз. Кеңестік типтегі лагерьміз. Бұл туралы білеміз. Арнайы менюіміз бар. Кеше жоспар бойынша кешкі асқа қарақұмық, жұмыртқа, нан, гуляш болды, түскі асқа езілген картоп, тауық еті, компот, нан болды. Бүгін түскі асқа тауық еті мен макарон болды", - дейді ол.

Қалалық білім басқармасы өкілдері "Юный домостроитель" лагері туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Бұл ұйым басқарма өткізетін балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға арналған мемлекеттік сатып алу конкурсына қатыспаған. Сондай-ақ, білім беру ұйымдары бұл лагерьге Алматы мектептерінің оқушыларын жібермеген. Балалар ата-аналарының есебінен демалып жатыр", - дейді басқарма өкілдері.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer