Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 сентября 2020 10:28

"Халық арасында қорқыныш бар". Министр Маминнен көмек сұрады

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Tengrinews.kz / Владимир Прокопенко Фото: ©Tengrinews.kz / Владимир Прокопенко

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халықтың интернеттен қорқатынын айтып, Үкімет басшысы Асқар Маминнен көмек сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халықтың интернеттен қорқатынын айтып, Үкімет басшысы Асқар Маминнен көмек сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомство басшы премьер-министрге тұрғындарды интернетпен қамтамасыз етуде қандай мәселе барын айтты.

"Асқар Ұзақбайұлы, халық арасында радиофобтық қорқу бар. Бұл бізге толыққанды интернет жеткізуге кедергі жасайды. Мысалы, Family Village кешенінде 2-3 тұрғынның арызы бойынша базалық станция алынып, интернет тарату тоқтатылды. Кейін байланыс операторы қайтадан базалық станцияны орнатуға мәжбүр болды. Бүгінгі таңда интернет газ, электр энергиясы, су бірінші қажеттілікке айналғанын білеміз", - деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, министр бұл мәселені шешудің жолын ұсынды.

"Осыған байланысты біз біраз заңнамалық актіге өзгерістер енгізуді ұсынамыз. Біріншіден, кондоминиумдерге байланыс объектілерін алып тастауға тыйым салу. Екіншіден, жаңа үйлерді пайдалануға беру алдында міндетті түрде оптика желісімен қамтамасыз ету. Үшіншіден, интернеттің жылдамдығы туралы талаптарды орындау. Төртіншіден, оптикалық трансмиссияға кіші операторларға тең қолжетімдікті қамтамасыз ету болып саналады. Жалпы мемлекеттік органның рөлін күшейтетін боламыз", - дейді Бағдат Мусин.

Сонымен қатар, ведомство басшысы елімізде 5G интернеті қашан пайда болатынына тоқталды.

"5G ұялы байланыс стандартын енгізу бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында операторлармен бірігіп, 11 сынақ жүргізілді. Керек желілік диапозондарды да босаттық. Алдағы уақытта операторларға тарату механизмі қарастырылады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте 5G желілері 2022 жылы іске қосылады", - деп түйіндеді сөзін министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 441.41   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети