Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 декабря 2020 12:36

"Жақындарымыздың қадірін түсінуді үйрендік". 2020 жыл қазақстандықтардың өмірін қалай өзгертті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Әлемде пандемия жарияланғалы 10 айдан аса уақыт өтті. Сол кезден бері қазақстандықтардың көбі қашықтан жұмыс істеуге көшсе, миллионнан аса адам жұмыссыз қалды. Tengrinews.kz редакциясы осы кезеңде әр сала мамандарынан пандемияның олардың өміріне қалай әсер еткені туралы материалдар циклын жасаған болатын. 


Әлемде пандемия жарияланғалы 10 айдан аса уақыт өтті. Сол кезден бері қазақстандықтардың көбі қашықтан жұмыс істеуге көшсе, миллионнан аса адам жұмыссыз қалды. Tengrinews.kz редакциясы осы кезеңде әр сала мамандарынан пандемияның олардың өміріне қалай әсер еткені туралы материалдар циклын жасаған болатын. 

Бұл жолы редакция өмірі өзгеріске ұшыраған сала мамандарын топтастырып шықты.

Архат Тәттімбетов, әскери қызметші

Төтенше жағдай режимі кезінде Ұлттық ұлан, ішкі істер органдарының қызметкерлері карантинді сақтау үшін қала маңындағы блокбекеттерде қызмет етті. Архат сол жұмыстың дұрыс істелуін тексерген. Жұмыс күшейтілген режимде болғанын айтады.

Архат Тәттімбетов әскери ант қабылдаған соң, барлық қиындыққа төзуге дайын екенін айтады. Бірақ пандемия кезінде қолайсыздық туындатқан кездер болған екен.


Архат Тәттімбетов

"Әрине, пандемия кезінде қиындықтар болды. Ұзақ уақыт бойы резеңке қолғап, қорғаныс костюмдерін, маска киіп жүру жұмыс барысында ыңғайсыздық туындатты. Дегенмен шыдай алмайтындай қиындық деп айта алмаймын. Әскери бөлімде коронавирус жұқтырған адамдар болды. Сол сарбаз қызмет ететін бөлімшелер, роталар карантинге жабылды. Сол кезде әскери қызметшілер үйіне қайта алмай, екі апта карантинде жатты. Жақындарыңмен кездесе алмай қалғанда психологиялық қиындық болары анық", - дейді ол.

Дариға, есепші

Дариғаның айтуынша, пандемия жақындардың қадірін түсінуді үйретті.

"Өзім таяуда зейнет жасына шығатындықтан үйден-ақ жұмыс істей берсем деп ойлап жүр едім. Содан бүкіл әлемде пандемия жарияланып, қазақстандықтардың өмірі айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Әрине, есепшілерге үйден отырып-ақ, есепшоттармен айналысуға болады. Ол маған ешқандай қиындық туғызған жоқ.

Бірақ жақындарымның көбі биыл қатты науқастанып, дүниеден өтті. Жақындарымыздың қадірін түсінуді, коронавируспен өмір сүруді үйрендік. Бір емес, бірнеше танысым қатты науқастанды, қиналды. Қуанышқа орай, жазылып шықты. Сондықтан барлық қазақстандыққа карантин шараларын сақтап, абай болуға сұраймын", - дейді ол.

Лейла Оспанова, дәрігер

Алматылық дәрігер Оспанова басқа да медицина қызметкерлері секілді көктемнен бері вируспен арпалысып келеді.

"Коронавирус пандемиясының тікелей әсері біздің саламызға тиді. Көктемнен бастап ауыр диагноз қойылған науқастардың жағдайы нашарлады. Бұл індет медицинаға бейтаныс болды, сондықтан онымен күресу қиынға соқты. Наурыздан бері бәріміз коронавирус жұқтырғандармен жұмыс істедік. Жазда бірінші толқын өршіп жатқан кезде қорқынышты болды. Өйткені алғашқы толқын әсері қатты еді. Сарқырама секілді науқастар ағынын бірінің артынан бірін лақтырды", - дейді Оспанова.

Лейла Оспанова

"Басында коронавирус жұқтырып аламын деген қорқыныш болған жоқ. Бірақ кейін COVID-19 өзімнен табылды. Аурудың симптомдары қатты білінді. Аурудан жазылғаннан кейін қорқыныш пайда болды. Вирустың қаншалықты қауіпті екенін өз бойымнан өткіздім. Екінші рет жұқтыру қорқынышы туындады. Сондықтан вакцинация басталатын күнді тағатсыздана күтіп жүрмін", - дейді алматылық терапевт.

Жұлдыз Әлиева, риелтор

Пандемияға қарамастан, үй іздеген халық азаймай тұр. Көп нысан карантинде жабылса да, риелтор жұмысы тоқтамады. Бірақ пандемияның да риелторлар жұмысына тигізген әсері көп.

Риелтордың сөзінше, пандемия кезінде үй іздейтін халық саны азаймаған.

"Керісінше, үй сататындар күрт азайды. Жан-жақтан дүрліктіріп, күнде адам өліп жатқан соң қорыққан болар. Сатушылар интернеттегі хабарламасын алып тастап, үйін көрсетуден бас тартты. Мұндай жағдайда үйіне кез келген адамды кіргізе бермеген жөн деп шешкен шығар. Біреулердің кішкентай балалары бар, үйінде қарт кісілер болуы мүмкін. Ал сатып алушылар бұрынғыдай қарқынды болды. Күнде қоңырау шалып жатады", - дейді жылжымайтын мүлік маманы.


Жұлдыз Әлиева

"Біз дайынбыз". Қазақстандықтар коронавирустың екінші толқыны туралы

Алмагүл Әукішова, балабақша қызметкері

Әукішованың айтуынша, ол жұмыс істейтін балабақша үш ай жабық болып, жаздың басында ашылған екен. Оны ашу үшін толық санитарлық нормаларды орындап, арнайы тексерістен өткен. Кейін ғана балабақшаны ашуға болады деген рұқсат қағазын алған. Бірақ балалардың бәрін емес, жартысын ғана қабылдауға рұқсат беріліпті.


Алмагүл Әукішова

"Балабақшамыз санитарлық нормаларды орындап, ашылғаннан кейін балалардың 50 пайызын ғана қабылдауға рұқсат берілді. Яғни, бұрын бала саны 36 болса, қазір 18 бала ғана келіп жур. Бүгінде 2 кезекші топ жұмыс істейді. Пандемиядан жұмыс қиындап кеткен жоқ, бәрі бұрынғыдай. Күн сайын балалардың дене қызуын тексереміз. Бала ауырмай, дені сау болып келсе ғана қабылдаймыз", - дейді Әукішова.

Марат Байжарасов, киім сататын бутикте менеджер 

Алматылық Мараттың айтуынша, олар пандемияда жұмыс істеме де, жалақы төленіп отырды.

"Карантин кезінде 42 500 теңге алған жоқпын. Сауда үйлері жабылып, жұмыссыз қалғандықтан, Талдықорғанда уақытша жұмыс істемек болдым. Бірақ кейін жұмыс орным жалақымызды толық төлеп отыратынын хабарлады. Бір қарағанда, бұл көп адамның арманы шығар. Жұмыс істемей, үйде жатқанымыз үшін де жалақы алдық. Сондықтан, бос уақытымды туыстарыма, достарыма, өзіме арнадым. Кейін сауда үйлері ашылған кезде де, демалыс күндері жабық болғанымызға қарамастан жалақымыз қысқарған жоқ", - дейді ол.


Марат Байжарасов

Ұлжан Несіпбекова, мұғалім

Мұғалімнің айтуынша, пандемия мұғалімдердің жұмысын қиындатты. Себебі қазір олар оқушыларына қашықтан білім беріп жүр. Енд ол  оқушылардың сапа көрсеткіші төмендеп кетпесе екен деп алаңдайды.


Ұлжан Несіпбекова

"Қашықтан оқыту мұғалімдер үшін аса қиын болды. Пандемия салдарынан мұғалімдердің жұмысы екі есе қиындай түскені рас. Оқушыларды қашықтан оқытуда сапа көрсеткішінің түсіп кетпеуіне қатты алаңдадық. Қай платформамен оқыту бала үшін, мұғалім үшін қиындық тудырмайды деген сұрақ туындады. Қашықтан оқытуға дайын емес екенімізді, әлі де мұғалімдерді дайындайтын семинар, курс керек екенін ұқтық. Әрине, білім мазмұнынан бөлек, техникалық тұрғыда да қиындықтар туындады. Жарықтың сөніп қалуы, интернет істемей қалуы оқушылардың білім алуына да, ұстаздардың білім беруіне де қиындық туғызғаны рас", - дейді Несіпбекова.

Аягөз Құрмаш, журналист

Аягөз басқа салалардағыдай журналистикаға да пандемия әсерін тигізгенін айтады.

"Пандемия барлық салаға әсерін тигізді. Сол сияқты біздің жұмысымызға да көптеген өзгеріс алып келді. Себебі бәріміз жаңа талаптарға бейімделдік. Оның ішінде, қашықтан жұмыс істеуге көштік. Төтенше жағдай жарияланған наурыздан бастап үйде жұмыс істедік. Алты ай бойы сондай режим болды. Бірақ басқа салалармен салыстырғанда журналистикада өзгеріс қатты болған жоқ. Себебі үйіңде интернет пен компьютер болса, кеңседе атқаратын жұмысты өзгеріссіз үйде де жасай аласың. Бұл жерде жұмыстың өзі емес, орны ғана ауысты деуге болады", - дейді журналист.

Оның айтуынша, қашықтан жұмыс істеу алдымен үнем жағынан пайдасын тигізген.

"Баламыз емес, біз оқып жатқан сияқтымыз". Қазақстандық ата-аналар онлайн сабақтар туралы

Еске салайық, 25 желтоқсаннан бастап Қазақстанда шектеу шаралары күшейтілді. Сондай-ақ, Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы бойынша, қалада жаңажылдық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ аниматорларды, яғни аяз ата, ақшақар және басқа кейіпкерлерді шақыруға тыйым салынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети