Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 июня 2019 18:21

Жалақы кешіктірілсе жұмыс берушіден өтемақы талап етуге бола ма - Адвокат түсіндіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Еңбек нарығында жұмысшылардың құқығы бұзылып жатқан жағдайларды жиі естуге болады. Біреулер жұмыстан заңсыз қысқартуға ұшырап жатса, тағы біреулерінде жалақы дауы өзекті болып қала бермек. Мамандар мекеме мемлекеттік немесе жекеменшік болсын жалақы беру нормасы барлығына бірдей екенін айтады. Бірақ жалақыны уақтылы төлемей жатса не істеу керек? Қандай жағдайларда жұмыс беруші заң бұзады? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақтарды адвокат Тілеужан Жұмабекұлына қойған еді.


Еңбек нарығында жұмысшылардың құқығы бұзылып жатқан жағдайларды жиі естуге болады. Біреулер жұмыстан заңсыз қысқартуға ұшырап жатса, тағы біреулерінде жалақы дауы өзекті болып қала бермек. Мамандар мекеме мемлекеттік немесе жекеменшік болсын жалақы беру нормасы барлығына бірдей екенін айтады. Бірақ жалақыны уақтылы төлемей жатса не істеу керек? Қандай жағдайларда жұмыс беруші заң бұзады? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақтарды адвокат Тілеужан Жұмабекұлына қойған еді.

Еңбек кодексінің 134-бабы ("Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері") бойынша, жалақы айына кемінде бір рет немесе келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленуі тиіс екен. Заң бойынша оның барлығы еңбек шартында немесе ұжымдық шартта көрсетіледі.

Жалақы шартта көрсетілген мерзім бойынша берілуі керек

Тілеужан Жұмабекұлының айтуынша, жалақы еңбек шартында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмеуі керек.

"Шарт жасасқан кезде ол құжатта нақты күндер белгіленеді. Мысалы, әр айдың осындай жұлдызында төленуі тиіс деп көрсетіледі. Яғни жалақы нақтыланған мерзім бойынша аударылуы керек немесе қолма-қол берілуі мүмкін. Мұнда жұмыс берушінің жалақыны ұстап отыруға немесе кешіктіруге еш құқығы жоқ. Жұмысшы жалақыны кешіктірген жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87-бабы ("Еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу") бойынша жаза қарастырылады", - дейді адвокат.

Басшылыққа қандай айыппұл салынады?

Оның айтуынша, бұл жағдайда басшылық айыппұл төлеуге міндеттеледі.

"Жұмыс берушіге қатысты әкімшілік шара қолданылады. Мысалы, лауазымды тұлғаларға - 30 АЕК (25 250 теңге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 60 АЕК (151 500 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 100 АЕК (252 500 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 150 АЕК (378 750 теңге) мөлшерiнде айыппұл салынады. Сондай-ақ, қызметкер өз құқығы бұзылған соң, яғни жалақы уақтылы берілмеген соң жұмыскерлердің құқығын қорғайтын Еңбек инспекциясына арыз бере алады", - дейді Тілеужан Жұмабекұлы.

Адвокаттың айтуынша, міндетті түрде арыздың көшірмесін қалдыру керек. Бірақ басшылықтан 15 күн ішінде жауап қайтарылмаса, Еңбек инспекциясына шағымдану қажет. Еңбек инспекциясы сол мекемеге толықтай тексеріс жүргізеді екен.

Кешіктірілген әрбір күнге өтемақы алуға құқығы бар

"Бірақ жұмыс беруші сонда да жалақыны кешіктіріп, оны уақтылы төлеуден және өтемақы төлеуден бас тартса, басшылығына қатысты әкімшілік тәртіпте сотқа арыздануға болады. Инспекция сотқа жолдама береді де, қызметкер ақшасын сот арқылы азаматтық тәртіпте өндіріп ала алады. Ал ұйым ешбір қарсылықсыз еңбек шартындағы ережелерді орындаса, бұл мәселені сотсыз-ақ шешуге болады.

"Қызметкердің расында да еңбек шартында көрсетілген мерзімде жалақы алмай жүргені анықталса, әкімшілік шара қолданылып, көрсетілген сомалар өндіріледі. Барлығы ұйымға байланысты - шағын кәсіпкерлік пе, коммерциялық ұйым немесе ірі кәсіпкерлік ұйым. Мысалы, ай сайын 100 мың теңге жалақы аласыз. Сіздің жалақыңызды бір ай кешіктіретін болса, Ұлттық банк бекіткен пайыз бойынша ақшаны өтеп алуға болады. Былайша айтқанда, кешіктірілген әрбір күнге ақша өтеп алуға құқығы бар. Бұл қызметкерге төленетін өтемақы - жұмыс беруші ақшаны заңсыз ұстағаны үшін заң бойынша ақша төлеуі тиіс", - дейді адвокат.

Осы ретте адвокат бірінші кезекте жұмыс беруші мен жұмыскер арасында шарт жасасуға кеңес береді.

"Еңбек шарты жасалмаған жағдайда, жұмыс беруші "бұл адамды танымаймын" деуі әбден мүмкін. Сондай-ақ, мынадай жағдайлар болуы мүмкін. Еңбек шартында жалақы әр айды оныншы жұлдызында берілетіні көрсетілсе, бірақ ол күн сенбіге немесе мереке күніне түсіп қалса, жалақы дүйсенбіде немесе мерекелер өткен соң аударылуы мүмкін. Мұнда ешқандай заңбұзушылық жоқ", - дейді Тілеужан Жұмабекұлы.

Оқи отырыңыз:

Қысқартуға ұшыраған жағдайда нені білу керек - Қызметкердің құқығы мен өтемақылар

Еңбек демалысына төленетін ақшаны қалай есептейді

Еңбекке жарамсыздық парағы: Төлемді қалай есептейді

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети