Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 октября 2019 16:58

Жалақысы, мәлімдемелері және отбасы. Сіз кімсіз, Владимир Божко?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяуда қазақстандық бірқатар ұйым түрлі мәлімдемелерімен талқыға түсіп жүрген депутат Владимир Божконың қызметінен кетуін талап еткен. Шенеунік бүгін оларға жауап беріп, мандатын тапсырмайтынын айтқан еді. Tengrinews.kz тілшісінің "Сіз кімсіз?" айдарының бүгінгі кейіпкері - мәжіліс депутаты Владимир Божко. 


Таяуда қазақстандық бірқатар ұйым түрлі мәлімдемелерімен талқыға түсіп жүрген депутат Владимир Божконың қызметінен кетуін талап еткен. Шенеунік бүгін оларға жауап беріп, мандатын тапсырмайтынын айтқан еді. Tengrinews.kz тілшісінің "Сіз кімсіз?" айдарының бүгінгі кейіпкері - мәжіліс депутаты Владимир Божко. 

Отставкаға кетуін кім талап етті?

Бұған дейін Алматыда "Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдарының үйлестіруші кеңесі" мен сол секілді қоғамдық бірлестіктердің бірқатар өкілі Божконың депутаттық қызметінен кетуін талап еткен болатын. 

"Кеше баспасөз мәслихатын өткізген бұл адамдардың бір мақсаты бар, оны, әрине, айтпай отыр. Бір апта бұрын Юрий Захаров (Қазақстан казактарының жоғарғы атаманы) пен оның ұйымына қатысты сот шешімі шықты, енді олар рейдер жолымен жаулап алған Жетісу казактарының одағы ғимаратын босатып беруге міндетті. Енді сот шешімі мен оның орындалуына әсер ету үшін ақпараттық себебп керек болды, сол арқылы сот шешім орындауды соза тұруға мүмкіндік туындайды", - деді Божко Мәжіліс отырысынан кейін кулуарда. 

Ол өзінің "нысанада" болуын "Орыстар, славяндар мен казактар ұйымын" басқаруымен түсіндірді. Божко өзінің мандатын тапсырмайтынын айтты. 

"Әділетті жұмыс істеп, бар күшін салып, балаларын тәрбиелеп, қарызы мен салығын төлеп отырған адамдардың әділетсіздік зардап шеккені ұнамайды. Басқа ештеңе айта алмаймын", - деді Божко. 

Жалпы, Владимир Божко бұған дейін де түрлі мәлімдемелерімен ел арасында қызу талқыға түскен. Оның "ауыл жастарын қалаға кіргізбеу", "мемлекетке тізерлеп алғыс айту" секілді мәлімдемелері халыққа ұнамай, оның кешірім сұрауын талап еткен еді. 

Тізерлеп алғыс айту, террорист-шыбындар мен жезөкше. Божконың қызу талқыланған мәлімдемелері

Сантехник, инженер, министр

Владимир Божко 1949 жылы 16 мамырда Алматыда дүниеге келген. Политехникалық институттың "Тау жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру" факультетін бітірген ол басында еңбек жолын слесарь-сантехник, инженер ретінде бастаған. 

Әскерден келген соң Минскіде КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Жоғарғы курсын тәмамдап, ұзақ жыл бойы түрлі қалада қауіпсіздік комитеті басқармасының басшысы болып қызмет еткен. 

2007 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалған. 2014 жылы қызметінен кетіп, Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарады. 

Ал 2016 жылы Божко Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты болып сайланған. 

Божконың генерал-лейтенант шені бар, сонымен қатар, ол заң ғылымдарының кандидаты, доцент. 

Депутаттың нақты жалақысы қанша екені белгісіз. Бірақ Мәжіліс депутаттарының жалақысы 684 874 теңге, ол еңбек өтіліне қарай көп болуы мүмкін. 

70 жастағы шенеуніктің жары - Татьяна Божко. Олардың Максим және Елена есімді балалары бар. 

Оқи отырыңыз:

Көлігі жоқ, үш баланың анасы, Желіде белсенді. Сіз кімсіз, Аида Балаева?

Үш баланың әкесі, кітапқұмар, 8-сыныпта ән жазған. Сіз кімсіз, Нұрлан Әлімжанов?

Жарты миллион фолловер, Mitsubishi, перфекционист. Сіз кімсіз, Дана Нұржігіт?

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети