Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 февраля 2021 15:19

Жамбыл облысы Білім басқармасы орынсыз жұмсалды деген қаражатқа қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Жамбыл облысы Білім басқармасы орынсыз жұмсалды деген бюджет қаражатына түсінік берді, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысы Білім басқармасы орынсыз жұмсалды деген бюджет қаражатына түсінік берді, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін Республикалық арнайы мониторинг тобы жетекшісінің орынбасары Зәуреш Батталова Жамбыл облысында карантинде мектеп оқушыларына компьютер алынатын қаражат орынсыз жұмсалғанғанын және компьютерге кепілдік болмағанын, бірақ тапсырыс беруші оны қабылдағанын мәлімдеген

"Қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін Жамбыл облысына ҚР үкіметтік резервінің қаражаты есебінен 26 483 дана компьютерлік техника (компьютерлер - 2 756, планшеттер - 3 571, ноутбуктер - 20 156) сатып алуға 4,1 миллиард теңге бөлінді. 2756 дана компьютер жеткізуге "Barys Systems" ЖШС-мен жалпы сомасы 548 444,0 мың теңгеге шарт жасалды", - делінген басқарма хабарламасында.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды сыртқы талдау және бағалау арнайы мониторинг тобының мүшесі И.Г. Федорованың өтініші бойынша ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен мемлекеттік аудит жүргізілгені хабарланып отыр.

"Аудит "компьютерлік техниканы сатып алудың техникалық ерекшелігін жасау кезінде нормативтік-құқықтық акт талаптарының бұзылғаны анықталды" деген мәселені қамтыды. Аудиторлық тексеріс барысында бұл тұжырымдар расталмады, өйткені ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Білім беру ұйымдарында пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық кешен мен қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарды анықтау туралы" 02.03.2020 жылғы № 79 бұйрығында білім беру ұйымдарына 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында компьютерлік және перифериялық техниканы және т. б. келтіру ұсынылды. Цифрлық портфельге сәйкес 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында білім басқармасы қашықтан оқыту үшін компьютерлер сатып алуға ақша қаражатын жоспарламағанын атап өткен жөн.", - делінген хабарламада.

Сатып алу үшін техникалық ерекшелікті жасау кезінде уәкілетті ұйымдармен, Қазақстан Республикасының цифрлық инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен келісілген компьютерлік техниканың ең аз техникалық ерекшелігі бар ҚР БҒМ (05.08.2020 жылғы № 6-12-1/2860-И) хаты негізге алынған.

Сонымен қатар, басқармадағылар аудит кепілдік талонын дұрыс ресімдеуге қатысты мәселені қамтығанын (техникаға 36 айға қызмет көрсетуге кепілдік) аудиторлық тексеріс барысында жеткізуші кепілдік талонын сәйкестендіріпті.

Кепілдік талонына сәйкес өнім беруші техникаға қызмет көрсетуді жүргізуге міндеттенеді екен.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети