Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 марта 2020 12:14

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған 3 адамның денсаулығына қатысты мәлімет шықты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған 3 науқастың жағдайы бірқалыпты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жаманқұлов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған 3 науқастың жағдайы бірқалыпты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жаманқұлов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірде 24, 29, 46, жастағы 3 адамның қауіпті індетті жұқтырғанын анықталды. Бірінші оқиға Шу ауданында, қалған екі жағдай Қордай ауданында тіркелді.

"Облыста тіркелген 3 оқиғаның бір-бірімен байланысы жоқ. Барлық азамат Қырғызстаннан келген. Бірінші азамат - 1974 жылғы Қордай ауданының тұрғыны. Ол Қырғызстанда болған. Шекараны өткеннен кейін алгоритмге сәйкес, бір күндік карантинге оқшауланды. Зерттеу нәтижесі оң нәтиже бергеннен соң науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған барлық азамат  анықталды. Бүгінгі таңда олардың барлығы оқшауланып, карантиндік стационарға жатқызылды", - деді ол брифингте.

Оның айтуынша, үшінші науқас та Қордай ауданының тұрғыны. Ол да Қырғызстанан келіпті. Қауіпті індетті жұқтырған адам бақылауға алынған, ал онымен байланыста болған адамдар оқшауланып, карантинге жатқызылыпты.

"Бүгінгі таңда індет жұқтырған азаматтардың жағдайы бірқалыпты, денсаулық жағдайына шағымы жоқ. Протоколға сәйкес емделіп жатыр. Оқшауланған азаматтардың да жағдайы қанағаттанарлық. Олар да медициналық бақылауда", - деп түйіндеді сөзін Марат Жаманқұлов. 

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 124-ке жетті. 2 науқас қауіпті індеттен жазылды, ал 1 адам аурудан қайтыс болды.

Еске салайық, 16 наурыздан бастап, елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети