Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 декабря 2019 13:34

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтардың табысы қалай өзгереді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Елімізде келесі айдың 1-інен бастап жәрдемақы, жалақы, шәкіртақы сомасы өзгереді. Жаңа жылдан бастап елімізде қандай өзгерістер болатынын Tengrinews.kz тілшісінің материалынан оқыңыз. 


Елімізде келесі айдың 1-інен бастап жәрдемақы, жалақы, шәкіртақы сомасы өзгереді. Жаңа жылдан бастап елімізде қандай өзгерістер болатынын Tengrinews.kz тілшісінің материалынан оқыңыз. 

Көпбалалыларға жаңа жәрдемақы

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 340 мыңнан аса көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алатын болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 4 немесе одан көп баласы бар 340,3 мың отбасы көпбалалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады.

Атаулы әлеуметтік көмек, яғни мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыға табысына қарамастан төленеді деп жоспарланып отыр. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай белгіленеді.

Яғни, 4 баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 5 балаға - 53 125 теңге, 6 балаға - 63 750 теңге, 7 және одан да көпбалалыларға 74 375 теңге төленеді.


© siapress.ru

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақылар: кімге және қанша беріледі?

Айта кетейік, АЕК алатындардың 60 пайызынан көбі - көпбалалы отбасылар. Таяуда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ендігіде АӘК-нің тоқсан сайын тағайндалатынын мәлімдеген болатын.

Нұрымбетов тоқсан сайын отбасы табысы өзгеруі мүмкін екенін және сондықтан АӘК-ні тоқсан сайын ғана тағайындауды жөн көрдік деген еді.

Енді АӘК тоқсан сайын тағайындалады - министр

ЖОО оқытушылары

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ректорларға жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін оқытушылардың жалақысын 30-50 пайызға өсіруді тапсырды.

Министр ЖОО-лардың бюджеттеріне талдау жүргізгенін айтқан болатын.

"Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру және педагогтерді қолдау жөнінде тапсырма берді.
Осы тапсырма аясында министрлік мемлекеттік ЖОО ректорларына ЖОО оқытушыларының еңбекақыларын 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін 30-дан 50 пайызға дейін арттыру міндетін жүктеді. Бүгінде бірқатар жоғары оқу орындарының оқытушылары 60-70 мың теңге көлемінде жалақы алатын жағдай қалыптасқан. Мұндай саясатпен сапаны талап ету мүмкін емес. ЕҰУ, Каспий университеті мен Тараз педагогикалық университеті сияқты жоғары оқу орындары жалақыны қазірдің өзінде көтеруді бастады. Қалған мемлекеттік ЖОО менің тапсырмамды міндетті түрде орындаулары тиіс", - деген еді Аймағамбетов.

Мұғалімдер

Келесі жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі. Бұл туралы Президенттің өзі мәлімдеген болатын.

"Тамыз конференциясында мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырдым. Бұл келесі жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көтеріледі деген сөз", - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ТЖК қызметкерлері

Жаңа жылдан бастап Төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлерінің, атап айтқанда өрт сөндірушілердің жалақысы өседі. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мәлімдеген болатын. "ТЖК өрт сөндірушілерін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы арттырылғандардың қатарына қосамыз. Мәселен, қарапайым өртсөндіруші - 100 000 теңге алады. Ал 65 пайызға өссе, онда 140 мың теңге болады", - деген еді Калайчиди.

Ішкі істер министрінің орынбасарының айтуынша, өрт сөндірушілердің айлығы патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысынан аса кем емес.

"Сондықтан, олардың айлығын 65 пайызға көтеру бастамасы өте орынды деп есептеймін. Біздің болжауымызша, олардың айлығы шамамен 140 мың теңгеге жетіп қалуы керек", - деді министрдің орынбасары.


Суреттер: © Тұрар Қазанғапов

Шәкіртақы

10 желтоқсанда Президент студенттердің шәкіртақысын өсіруді тапсырды. Осылайша, қаңтардан бастап орта буын мамандарының шәкіртақысы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге дейін, ал жоғарылатылған шәкіртақы 19 272 теңгеден 24 090 теңгеге өсетін болды.

Сондай-ақ, келесі жылдың қаңтарынан бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге, магистратурадағы шәкіртақы 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге өссе, докторантурада оқитындардың шәкіртақысы 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге өседі.

Айта кетейік, шәкіртақыны өсіруге бюджеттен шамамен 18 миллиард теңге бөлінді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети