ПОДПИШИСЬ НА НАШ TELEGRAM-КАНАЛ
04 мая 2020 | 21:18

Жаңа министр, жаңа сенатор. Дүйсенбідегі ауыс-түйіс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін үкіметте кадрлық ауыс-түйіс болды. Жаңа министр, жаңа сенатор тағайындалды. Tengrinews.kz тілшісі дүйсенбедегі жаңа тағайындаулар туралы баяндайды.


Бүгін үкіметте кадрлық ауыс-түйіс болды. Жаңа министр, жаңа сенатор тағайындалды. Tengrinews.kz тілшісі дүйсенбедегі жаңа тағайындаулар туралы баяндайды.

Назарбаеваның орнына Әшімбаев

Алдымен Орталық сайлау комиссиясы Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатқаны белгілі болды. Дариға Назарбаева Сенат төрағасы қызметінде болған. Бұл қызметті ол 2019 жылдың 20 наурызынан бері атқарған болатын.

Ал Назарбаеваның орнына Мәулен Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Ол бұған дейін жарты жылға жуық уақыт Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Артынша Әшімбаев құпия дауыс беру нәтижесі бойынша Сенат төрағасы болып сайланды.


© Тұрар Қазанғапов 

Кейін Мемлекет басшысы жаңадан сайланған Әшімбаевқа қатысты пікір білдірді.

"Ол мемлекет ісінің қыр-сырын жетік меңгерген, ұзақ жыл түрлі салада жемісті және тиімді қызмет атқарды. Парламент жұмысын жақсы біледі. Әрдайым өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан бұл қызметті абыроймен атқаратынына күмәнім жоқ", - деді Президент.

Мәулен Әшімбаев 1971 жылы Алматыда дүниеге келген. Еңбек жолын 1993 жылы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде бастаған ол кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі, Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Бүгінгі тағайындау - Мәулен Әшімбаевтың соңғы 10 айдағы үшінші қызметі. 2019 жылы 30 шілдеде ол Қазақстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалған. Ал желтоқсанда Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал бүгіннен бастап ол - Сенат депутаты.

Мемлекеттік қызметте 27 жыл. Мәулен Әшімбаев туралы не белгілі?

Әшімбаевтың орнына Абаев

Артынша ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қызметінен босатылды. Ол бұл министрлікті 2019 жылдың 25 ақпанынан бері басқарған болатын.

"Мемлекет Басшысының өкімімен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды", - делінген Жарлықта.

Артынша Абаев Әшімбаевтың орнына Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.


© Тұрар Қазанғапов 

Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Еңбек жолын Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратында түрлі қызметте бастаған. Кейін СІМ-нің баспасөз қызметін басқарды. 2011 жылы Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалып, бес жыл жұмыс істеген.

Ал 2016 жылы мамырда жаңадан құрылған Ақпарат пен байланыс министрлігін басқарды. Ал былтыр Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалған.

Абаевтың орнына Балаева

Дәурен Абаевтың орнына енді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін Аида Балаева басқарады.

"Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Балаева Президент көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған еді. Бұл қызметке ол былтыр 27 шілдеде тағайындалған болатын.


© Тұрар Қазанғапов 

Аида Балаева 1974 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде жетекші маман ретінде бастайды. Артынша Алматы мен елордада Ішкі саясат департаметінде жұмыс істейді.

Ал 2014 жылдан 2019 жылдың шілдесіне дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды.

Көлігі жоқ, үш баланың анасы, Желіде белсенді. Сіз кімсіз, Аида Балаева?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 486.86   530.42   5.05 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети