Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 апреля 2024 15:42

"Жайылымның 90 пайызын су басады". Павлодар облысына шығыстан қауіп төніп тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ертіс тасыса Павлодар облысындағы өзенді жағалай қонған төрт ауданға қауіп төндіруі мүмкін. Сол себепті өңір билігі шығыстағы су қоймаларынан келетін суды қабылдауға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Аймақ Бұқтырма мен Шүлбі су қоймаларынан жоспарлы түрде табиғатты қорғау мақсатында жіберілетін суды қабылдауға дайындалуда. Биыл соңғы 11 жылда болмаған ең үлкен көлемде су күтілуде - 6,5 млрд текше метрден астам. Жайылымның 90 пайызын дерлік су басады", - дейді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Қазіргі таңда жергілікті төтенше жағдай қызметімен бірлесіп барлық бөгеттерді тексеріп жатыр.

Су басу ықтималдығы жоғары Кенжекөл ауылы, Атамекен кенті және Май, Ақтоғай, Тереңкөл және Аққулы аудандарында арық пен аңғарларды тазалау, жағалауды бекіту жұмыстары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 442.05   490.7   4.74 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети