Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 июня 2020 18:05

Жедел жәрдем шақырып, қоңырау шалатындар саны 3 есе көбейді - Қисықова

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус кезінде жедел жәрдем шақырту үшін қоңырау шалу саны 3 есеге көбейгенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус кезінде жедел жәрдем шақырту үшін қоңырау шалу саны 3 есеге көбейгенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қисықованың айтуынша, қазіргі таңда қалада коронавирус жұқтырудың 3 348 дерегі тіркелген.

"Оның ішінде өткен аптада ауру жұқтырудың 587 жаңа жағдайы тіркелді. Алдыңғы аптаға қарағанда ауру көрсеткіші 21 пайызға артты. Күнделікті өсім - 3 пайыз. 2 291 науқас жазылып шықты. Бүгінде ауруханада 2 216 науқас жатыр. Оның ішінде пневмониямен ауыратындар саны 92 пайыз", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Басқармасы басшысы жәдел жәрдем қызметіне хабарласушылардың саны өте көп екенін атап өтті.

"17 маусымда халыққа коронавирус туралы ақпарат беру және аумақтық поликликаналардың жұмысын жақсарту мақсатында жедел жәрдем станциясының базасында call-орталық ашылды. Түскен қоңыраулар бойынша қызмет көрсетіліп жатыр. Күніне 400-500 қоңырау түседі. Ол бойынша қызмет көрсетіліп жатыр. Осы уақытқа дейін 3 мыңнан астам қоңырау түсті. Қала бойынша қоңыраулардың 3 есеге артты. Тіпті, қоңыраулар саны 4 есеге дейін өскен күндер болды. Өткен тәулікте түскен қоңыраулардың саны 3800. 2 728 қоңырауға қызмет көрсетілді", - деді басшы.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирустан 32 адам қайтыс болды.

Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 17 732-ге жетті. 10 962 науқас жазылды, 121 адам аурудан көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети