Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 января 2021 10:58

"Жеке куәлік жеткілікті". Сенатта жүргізушілерге қатысты заң жобасы мақұлданды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенаторлар қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу куәлігінсіз көлік жүргізу құқығын көздейтін заң нормасын қарастырды. Заң қабылданып, Президентке жолданды. Қол қойылса қазақстандық жүргізушілер тек жеке куәлігімен көлік жүргізе алады. Полицейлер керек мәліметті планшеті арқылы электрон базадан қарап алады. Алайда бұл норма шетелдіктерге қатысты емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенаторлар қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу куәлігінсіз көлік жүргізу құқығын көздейтін заң нормасын қарастырды. Заң қабылданып, Президентке жолданды. Қол қойылса қазақстандық жүргізушілер тек жеке куәлігімен көлік жүргізе алады. Полицейлер керек мәліметті планшеті арқылы электрон базадан қарап алады. Алайда бұл норма шетелдіктерге қатысты емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламенттің бір топ депутаты "Жол жүрісі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлеген. Олардың атынан сенатор Нұрлан Бекназаров сөйледі.

"Заң жобасында Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу куәлігін өзімен бірге ала жүруді талап ететін норманы қолданыстағы заңнамадан алып тастау көзделіп отыр. Яғни автокөлік иесін полиция тоқтатқан кезде ол жеке куәлігін ұсынып, сол жеке куәлікпен полиция қызметкері планшет арқылы электрондық базадан оның қажетті құжаттары бойынша тексеру жүргізе алады", - деді депутат Сенаттың жалпы отырысында.

Нұрлан Бекназаровтың айтуынша, егер заң қабылданса, көлік жүргізу куәлігінсіз жүрген жүргізушілерге айыппұл да салынбайды.

"Интернетке байланысты, басқа да электрон жүйелері бойынша сұрақтар туындады. Ол мәселе бойынша ішкі істер органдары толық дайын екені жөнінде сенімді түрде түсіндірді. Сонымен қатар Құқықбұзушылық кодекстен азаматтардың жүргізуші куәлігі мен көлік куәлігін тіркеу туралы құжаттарын өздерімен бірге алып жүруді міндеттейтін нормаларды сақтамалмағаны үшін әкімшілік жауапкершілігін алып тастау ұсынылып отыр. Яғни бұрын айыппұл болмаса ескерту түрінде жаза көрсетілетін болса, енді айыппұл салынбайды", - деді ол.

Сондай-ақ, сенатор заң жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар шетелдік азаматтарға қолданылмайтынын атап өтті. Яғни олар барлық қажет құжатын алып жүруге міндетті.

Айта кетейік, депутаттар заң жобасын мақұлдады. Енді жаңа нормалар Президенттің қарауына жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети