Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 февраля 2020 13:21

Желіде жұртты арандатушыларға қалай тосқауыл қойылады? Депутаттардың пікірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Күні кеше Бас прокуратура арандатуға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Ведомство әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде құқыққа қайшы әрекеттерге шақыратын хабарламалардың жиілеп бара жатқанын айтты. Осыған байланысты прокуратура арандатуға ермеуге шақырды. Tengrinews.kz тілшісі осы үндеуге қатысты депутаттар мен заңгердің пікірін сұрап білді.


Күні кеше Бас прокуратура арандатуға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Ведомство әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде құқыққа қайшы әрекеттерге шақыратын хабарламалардың жиілеп бара жатқанын айтты. Осыған байланысты прокуратура арандатуға ермеуге шақырды. Tengrinews.kz тілшісі осы үндеуге қатысты депутаттар мен заңгердің пікірін сұрап білді.

Депутаттар бірауыздан халықты бірлікке шақырып, қандай жағдай болсын тәртіпке бағыну керегін айтады.

Депутат Бақытгүл Хаменова таяуда Мәжілісте арандатушыларға қатысты Әкімшілік, Қылмыстық кодекстің жаңартылып, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін айтып өтті. Таяуда ол ережелер қолданысқа енеді дейді.

"Соңғы кездері арандату жағдайлары жиілеп бара жатыр. Мысалы, арандатудың құрбаны болған елдер жетеді - Сирия, Ливия , Иран, Ирак, Ауғанстан, Украина. Мұның барлығы сайып келгенде өзі аз халықты тарыдай шашып жіберу деген сөз. Ол зұлым күштердің қолынан ғана келеді. Әрине, біз заңды күшейтіп, жазаны қатаңдатып жатырмыз. Дегенмен ел болған соң бес саусақ бірдей емес. Менің басты ұстанымым - идеология мықты болуы керек", - дейді Хаменова.

Оның айтуынша, арандатушыны халыққа көрсету керек. 

"Бұл жерде мәселе қорқытуда емес, керісінше, идеологияға, сана-сезімге сілкініс жасау керек. Қазір заңдағы арандатушыларға қатысты жаза жеткілікті деп ойлаймын. Алайда халық алдына шығару қажет. Жазаны саналы адам өзі көтеруі қажет", - дейді ол.

Ал депутат Бақытбек Смағұл демократия деп, тәртіпке бағынбай арандатқандардың барлығын бақылап, жазалау мүмкін емес екенін айтады.

"Қазір қоғамның өзі солай. Кім не айтқысы келсе, соны айтады. Билікке сенімсіздік танытып, өзінше үкім шығару дұрыс емес. Демократия демей, тәртіпке бағыну керек. Әрқайсымыз кішкене болса да өзіміздің жауапты екенімізді көрсете білуіміз қажет. (...) Әрине, ойларды бөлісу керек. Бірақ ол ойлар халықтың ынтымағын, бірлігін бұзбауы қажет. Бір топ болып пиғыл ойларды жеткізу жақсылыққа апарады деп ойламаймын. Бұл керісінше, шалынуға апаратын сияқты", - дейді Бақытбек Смағұл.

Депутат Дархан Мыңбай болса, көпке топырақ шашуға болмайтынын айта отырып, ақпарат қабылдайтын әрбір адамның санасы болуы керегін айтады.

"Әрине, сана-сезімнің оянғаны жақсы, бірақ ол стихиялы түрде болмауы керек. Ол өркениетті түрде құқық шеңберінде болуы керек, көпке топырақ шашуға болмайды ақпараттың көптігі соншалық - әрбір адам оны сүзгіден өткізуі қажет",- дейді Дархан Мыңбай.

Оның айтуынша, арандатушылармен күресу үшін бастапқыда халықтың санасымен жұмыс істеу қажет.

"Бұл жерде барлығы әр адамның біліміне, мәдениетіне байланысты деп ойлаймын. Халықтың санасына жеткізу керек, заңда белгіленген жаза бар. Бір рет жазаланған адам екінші рет ол жазаға ұшырамау аяғын аңдап басып, аузына берік болатын шығар деп ойлаймыз", - дейді депутат Дархан Мыңбай.

Ал заңгер Данияр Түймебаев Қазақстанда арандатушылардың жазасы әлсіздеу екенін айтады. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде көрінеу ақпарат таратып, халықты тәртіпсіздікке шақыратындарға арнайы бап қаралуы қажет.

"Бүгінде, соңғы заңнама бойынша Қазақстанның унитарлығы мен тұтастығын бұзуға шақырғандар 5 жылға, терроризмді насихаттап, теракт жасауға шақырғандар 2 жылдан 9 жылға дейін, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздырғандар 8 жылға дейін сотталады. Ал болашақта БАҚ немесе әлеуметтік желі арқылы жалған мәлімет таратқан адамға 500 АЕК (1 325 500 теңге) көлемінде айыппұл салу жоспарланып отыр", - дейді ол.

"505 мың теңге". Көпшілік алдында былапыт сөзбен қорлаудың құны қанша

Сондай-ақ, заңгер WhatsApp мессенджерінде жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салды деген сипаттағы түрлі фейк скриншоттарды тарататындардың да 500 АЕК-ке (1 325 500 теңге) дейін айыппұл төлеуі мүмкін екені айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети