Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 января 2024 07:21

"Жиіркенгенмен амал жоқ". Қызылордада бір топ отбасы бұрынғы мекеме ғимаратын паналауға мәжбүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz \ Назерке Саниязова Фото: Massaget.kz \ Назерке Саниязова

Қызылорда қаласында 15 шақты отбасы бұрынғы мекеме ғимаратында тұрып жатыр. Олар мұнда ешқандай жағдай жасалмағанына шағым білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Қызылорда қаласында 15 шақты отбасы бұрынғы мекеме ғимаратында тұрып жатыр. Олар мұнда ешқандай жағдай жасалмағанына шағым білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Жұпыны өмір сүріп жатқандардың дені - көпбалалы, жалғызбасты және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған жандар. Басқа барар жері жоқ, пәтер жалдауға шамасы жетпейтін отбасылар әзірге осы орынды паналауға мәжбүр. Бірақ уақытша қоныстың мәселесі жетіп артылады.

Екі баласы бар жалғызбасты ана Ақерке Нұрбекова 2019 жылдың наурыз айынан бері үй кезегінде. Ал кезектің жылжитын түрі көрінбейді. Ұятты жиып қойып, қала әкімдігінен уақытша баспана сұраса, есік-терезесі жоқ пәтер ұсыныпты.

"Онсыз да қиын жағдайда жүргенде мені мазақ қылғандай “өзің салып аларсың” деді. Шыдай алмай қала әкімінің қабылдауына кірдім. Мән-жайды түгел баяндадым. Содан кейін Саламатов көшесінен уақытша пәтер берді. Шарт бойынша оның өзінен бізді кез келген уақытта шығарып жіберуі мүмкін. Бірақ мұның да оңып тұрғаны шамалы", - деді тұрғын.


Фото: Massaget.kz \ Назерке Саниязова

Ақерке Нұрбекова үйге кіргеннен қыруар мәселеге кезіккен. Электр энергиясы үшін қарыз қордаланып қалыпты. Әжетхана бүкіл тұрғынға ортақ болғасын бітеліп қала береді. Канализация орталық жүйеге қосылмаған, аузы-мұрнына дейін шығып тұр. Иісі қолқаны қабады.

"Электр желілері қысқа тұйықталған. Кезінде бір-біріне жалғай берген. Соның кесірінен бір пәтер өртеніп, мүмкіндігі шектеулі бала көз жұмды. Әжетханаға жапсарлас үйдің қабырғалары көгеріп, түсе бастады. Төбеден су ағады. Балалар жиі ауыратын болды. Суды да көршілер бірге пайдаланамыз. Ішуге жарамайды, сасық. Онымен тіпті кір жуу мүмкін емес. Жиіркенгенмен амал жоқ. Кейде ғана болмаса, бірыңғай таза су сатып алуға қалта көтермейді", - деді ол.

Фото: Massaget.kz \ Назерке Саниязова

Терезені қанша бітесе де ашылып кете береді. Желді күні үйдің іші азынап кетеді. Қыста жылуды ұстап тұра алмайсың. Газ баллонын пайдаланғандықтан бұл да тұрғындардың өміріне қауіп төндіруі ғажап емес.
Тұрғындардың бірі Ұлболсын Мырзабек - бес баланың анасы.

"Жолдасыммен дәм-тұзымыз жараспай жолымыз екіге бөлінді. Содан бері осында тұрып келеміз. Тамақ істеген сайын газдың иісі шығады. Тоқ шәйнегіміз талай мәрте күйіп кетті. Әр күніміз қорқынышпен өтіп жатыр. Үйдің кезегіне екі жыл бұрын тіркелгенмін. Ол берілгенше шыбын жанымызды шүберекке түйіп отырамыз ба осылай?", - деді жалғызбасты ана.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети