Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 сентября 2020 15:13

Жолдау-2020: Тоқаев берген ең маңызды тапсырмалар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында бірқатар мәселе көтеріп, үкіметке түрлі тапсырма берді. Оның ішінде шенеуніктерді қысқарту, мұғалімдердің жалақысын көбейту бар. Сондай-ақ, елімізде жаңа агенттіктер мен министрлік құрылады. Tengrinews.kz тілшісі Тоқаевтың жолдауындағы тапсырмалар туралы баяндайды.


Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында бірқатар мәселе көтеріп, үкіметке түрлі тапсырма берді. Оның ішінде шенеуніктерді қысқарту, мұғалімдердің жалақысын көбейту бар. Сондай-ақ, елімізде жаңа агенттіктер мен министрлік құрылады. Tengrinews.kz тілшісі Тоқаевтың жолдауындағы тапсырмалар туралы баяндайды.

"Шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту"

Жолдауының басында Президент елдегі мемлекеттік бағдарламалар мен шенеуніктер санына тоқталды. Ол елдің көлемді емес, халық түсінетін ықшам мемлекеттік бағдарламаларға көшу керегін ескертті.

Сонымен қатар, шенеуніктер санын 25 пайызға қысқартуды тапсырды.

"Мемлекеттік қызметтің жүйесін қайта қарау керек. Пандемия мен мемлекеттік органдағы көптеген қызметкерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру мемаппаратты қысқарту керек екенін көрсетті. Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік секторын қысқарту мерзімін жылдамдатуды тапсырамын. Биыл олардың санын 10 пайызға қысқарту қажет. Келесі жылы тағы 15 пайызға қысқарту керек. Осылайша, шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту тапсырмасын 2021 жылы шешіп боламыз. Нәтиже мен цифрландыруға байланысты тағы да қысқарту мәселесін қараймыз", - деді ол.

Мемлекет басшысы үнемделген қаражат арқылы қалған қызметкерлердің жалақысы арттырылатынын айтты.


Жолдау видеосының кадры 

"Тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат ету"

Тұрғындар үшін жолдаудағы маңызды тапсырмалардың бірі - зейнетақыға қатысты. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, келер жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады.

"Менің тапсырмамның аясында тұрғындар зейнетақы жинақтарының бөлігін пайдалану мәселесі қарастырылды. Бұл - қазір өте өзекті. 2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады. Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе жыл соңына дейін тиісті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды және дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын", - деді Президент жолдауында.

Тоқаевтың айтуынша, бұл реформа тұрғындарға зейнетақы жинағына ақша салуға стимул болады.

"Жауапсыз несие беруді заң жүзінде тоқтату"

Енді тұрғындарға несие алу қиындауы мүмкін. Себебі Президент жауапсыз несие беруді заң жүзінде тоқтату керек екенін айтты.

Оның айтуынша, қаржы секторындағы жағымсыз фактордың бірі тұтынушылық сегмент пен бизнесті несиелеу арасындағы теңгерімсіздік болып отыр.

"Тұтынушыларға тоқтаусыз, кейде жауапсыз несие беруді нормативті түрде тоқтату керек. Бұл әлеуметтік салдарға әкелуі мүмкін. Азаматтардың тиісті деңгейде қаржылық сауаттылығының тиісті деңгейде болмауы оларға кредит өнімдерін негізсіз беруге себеп болмауы керек. Биыл менің тапсырмам бойынша нормативтік-құқықтық база өзгертілді. Қарыз алушының төлем қабілетіне талап айтарлықтай күшейді", - деді Президент.


Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Мұғалімдердің жалақысын көбейту"

Тоқаев жолдау барысында білім беру саласын да айналып өтпеді. Ол қашықтан білім беру үшін әлі нақты онлайн-платформа жасалмағанын сынады. Сондықтан, ол "Толыққанды білім үдерісі үшін қажетті барлық функциясы бар бір онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет" екенін айтты.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдер мәселесіне тоқталып, олардың жалақысы өсетінін айтты.

"Білім саласындағы басты мәселелердің бірі - ұстаздар жалақысының аздығы. 2021 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді", - деді Президент.

"Дәрігерлерге төлемақы ретінде тағы 150 миллиард теңге бөлу"

Мұғалімдерден бөлек Тоқаев дәрігерлерді де ұмыт қалдырмады. Ол пандемия бұл саланың қандай маңызды екенін көрсеткенін айтты.

"Пандемия әкелген дағдарыс көп нәрсені үйретті. Мысалы, дәрігерлер еңбегін бағалау. Себебі бұрын медицина қызметкерлері мемлекеттің назарынан тыс қалған еді. мамандықтың маңызы материалдық көмекпен де анықталу керек", - деді Мемлекет басшысы.


РИА Новости©

Сондықтан Тоқаев медицина қызметкерлеріне екінші жарты жылдыққа төлемақы ретінде 150 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлуді тапсырды.

"Біз мұны қазір, дағдарыс кезінде істеп жатырмыз, мұны кейін жүйелі түрде істеуіміз керек", - деді ол.

"Бала таба алмай жүрген отбасыларға көмектесу"

Тоқаев бала таба алмай жүрген отбасыларға қалай көмек көрсетілетінін айтты. Ол үкіметке 2021 жылдан бастап "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын бастауды тапсырды.

Президенттің тапсырмасымен ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін, яғни жеті есе көбейтіледі.

"Отбасы-демографиялық жағдай алаңдатып отыр. Өкінішке қарай, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы сәби сүйе алмайды. Әлеуметтік сауалнаманың көрсеткішіне сәйкес, қазақстандықтардың 20 пайызға жуығы бұны ажырасудың айтарлықтай себебі деп есептейді. БҰҰ-ның Орталық Азиядағы көршілерімізбен салыстырғанда Қазақстан халқының өсіміне болжамы көңіл көншітерлік емес. Үкіметке 2021 жылдан бастап "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын бастауды тапсырамын. ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін, яғни жеті есе көбейту керек", - деді Президент жолдауында.

Балаларға қатысты тағы бір тапсырма бар. Тоқаев 2025 жылға дейін балалардың 100 пайызын балақбақшамен қамтуды тапсырды.

"Жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілін енгізу"

Жолдау барысында Президент елдегі жемқорлықпен күрес мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдері енгізілуі керек.

Тоқаев жемқорлық мәселесіне қоғамды тарту маңызды екенін атап өтті.

"Біз мемлекеттік бақылауға балама ретінде қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыруымыз керек. Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын "Қоғамдық бақылау туралы" заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырамын. Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсіру керек. Оларды сатып алуларды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту керек, - деді Тоқаев.

Жаңа ведомстволар құрылады

Тоқаевтың тапсырмасымен, елде жаңа ведомстволар құрылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысына тікелей бағынатын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін құруды тапсырды.

"Әрбір кәсіпкер үшін тең мүмкіндіктер жасап, нарықтарды монополиялауды тоқтату қажет. (...) Сол себепті Президентке тікелей бағынатын Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құруды тапсырамын", - деді Президент.

Сонымен қатар, Тоқаевтың тапсырмасымен Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылады.

"Президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. Мұндай орган бұған дейін жұмыс істеп, жүктелген міндеттерді сәтті орындады, енді ол бүкіл мемлекеттік жоспарлау жүйесінің орталық буынына айналады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруды тапсырды.

"ІІМ қызметінің тиімділігін арттыру үшін оның құрылымын қайта қарау керек. Табиғи және техногендік апаттар дәуіріне енгенімізді ескере отырып, Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет деп санаймын", - деді Тоқаев.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети