ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА КАНАЛ TENGRI LIVE

"Жүрек қысылады". Ертеде адамдар жер сілкінісін алдын ала қалай білген?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

23 қаңтарда Алматыда және Қазақстанның тағы бірнеше өңірінде жер сілкінісі болды. Зілзала тіркелген бойда еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік шараларын ұйымдастырып, халықтан дүрбелең тудырмауды өтінді. Қаланың әр тұрғынына жеке хабарлама жіберіліп, қоғам тынышталды. Ал ертеде адамдар жер сілкінісін алдын ала қалай білген? Massaget.kz тілшісі этнограф Болат Бопайұлынан сұрап көрді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

23 қаңтарда Алматыда және Қазақстанның тағы бірнеше өңірінде жер сілкінісі болды. Зілзала тіркелген бойда еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік шараларын ұйымдастырып, халықтан дүрбелең тудырмауды өтінді. Қаланың әр тұрғынына жеке хабарлама жіберіліп, қоғам тынышталды. Ал ертеде адамдар жер сілкінісін алдын ала қалай білген? Massaget.kz тілшісі этнограф Болат Бопайұлынан сұрап көрді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Этнографтың айтуынша, қазақ табиғи апат болатынын ауа райы, үй жануарлары, төрт түлік мал және өзінің ағзасына қарап болжаған. Байырғы, бағзы заманнан бері ата-бабалармыз алдын ала табиғи апаттардың (зілзала, топан су, өрт апаттары) боларын алдын ала білген.

Біріншіден, қатты жер сілкінісі болардан бір апта не бір ай бұрын қыс айларында болса ауа райы жылынып, жаңбыр жауып, жер қызып, жел тұрып, қар еріп, су тұманы сияқты ауа райы құбылып, күн жайсыз өзгеріске ұшырайды. Жер астындағы жыландар аязға қарамай жер бетіне шығып, жер аударып басқа жаққа көшеді. Мұны қазақ "Жылан көшті" деп атаған.

Одан бөлек, жабайы аңдар да жер алмастырып, мекенінен алыстап кетеді. Аю тәрізді жабайы жануарлар қысқы ұйқысынан оянып, таудан етекке түссе, құрт-құмырсқа мен тышқандар жер бетіне шығып, әрі-бері тынымсыз жортып, жорғалап, байыз таппай әрекет жасай бастайды.

Жеті қазынаның бірі - иттер тағатсыздана үріп, жылай ұлып, үй айнала жүгіріп, иесіге бір апаттың боларын алдын ала, әр түрлі әрекетімен де, ұлыған жан дауысымен де хабар беретін. Қазақ иттің жайшылықта ұлуын, иесіне өлім тіледі деп жаман ырымға баласа, ал ауыл иттері жабыла ұлыса, онда бір үлкен апаттан хабар беріп тұр деп жақсыға жорып, болатын апаттан алдын ала сақтанатын болған.


Фото: Tengri Lifestyle

Сонымен қатар, маман жер сілкінетінін, үлкен зілзала болатынын күн ілгері сезіп білетін үй мысығы, бір жерде тұрақтамай, үйден сыртқа қашып шығуға әрекеттенетінін айтты. Онымен тынбай, өз бетін өзі тырмалап, не үйдегі сырмақ, текеметтерді тырнағымен түтіп, болмаса үй іргесін қазып, мияулап қарадай мазасы кетіп, иесіне белгі береді.

Жер сілкінерден бұрын оны төрт түлік мал да алдын ала сезеді де, олар да тосын қылықтар танытады. Мысалы: кешке қарай төбесі жабық қораға кірмей, далаға қашады. Түнде бауырын жерге басып жатпай тік тұрып алады. Күйіс қайтаратын малдар күйіс қайтармай қояды.

Жылқы кісінеп, айғырлар азынап, түйе боздап, сиыр мөңіреп, қой, ешкі маңырап, қозы-лақ шулап, жалпы төрт түлік малдан ерекше маза кетеді. Мазасының кететіні соншалық, байлаулы жылқы шылбыр, шідерін үзуге талпынып тулайды. Түйелер бұйдасын, сиырлар жібін үзуге ұмтылып, сыртқа шығуға тырысады. Бұл дегеніміз мақұлық жануарларға берілген табиғи түйсігі болса, бір жағынан оны бағып өсіріп, тұрмысына тұтынып отырған адамдарға берілген, апаттан сақтану дабылы, ескертуі деп білген дұрыс.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 498.4  course down  519.76  course down  5.47  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer