ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
02 ноября 2020 | 09:32

"Камераны өшіріп қойып, тамақ ішіп аламыз". Қазақстандық оқушылар қашықтан оқу туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осы аптада елімізде бірінші тоқсан аяқталады. Пандемия басталғалы қазақстандық оқушылар мен студенттер қашықтан оқу форматына көшкен болатын. Tengrinews.kz тілшісі оқушылардан мұндай форматтағы оқудың алғашқы тоқсаны қалай өткенін сұрап білді.


Иконка комментария блок соц сети

Осы аптада елімізде бірінші тоқсан аяқталады. Пандемия басталғалы қазақстандық оқушылар мен студенттер қашықтан оқу форматына көшкен болатын. Tengrinews.kz тілшісі оқушылардан мұндай форматтағы оқудың алғашқы тоқсаны қалай өткенін сұрап білді.

Әлинұр, 6-сынып:

Әлинұрдың айтуынша, үйден оқу өте ыңғайлы.

"Жалпы бірінші тоқсан жақсы өтті, тапсырмалар оңай болды. Сабақтар Google-форматта өтті. Барлық сабақты Google форматында тест ретінде жібереміз. Қашықтан оқуға үйреніп қалдым. Онлайн оқудың басты артықшылығы үй жұмысын орындаған соң бос уақытың көп болады. Ал мектепке барып-келіп жүрсең, уақыт жоғалтасың.

Негізі үйден оқыған өте ыңғайлы. Себебі сен камераны өшіріп қойып, кішкене демала аласың. Қарның қатты ашыса, камераны өшіріп қойып, тез-тез тамақ ішіп аласың да сосын әрі қарай камераны қосып, сабаққа қатыса бересің"", - дейді Әлинұр.

Елордалық оқушының айтуынша, қашықтан оқудың жалғыз ғана кемшілігі болуы мүмкін. Ол интернет проблемасы. Кей жағдайда оқушылардың бірінің интернеті нашар болады да, сабақты түсінбей қалып жатады, нәтижесінде ол үй жұмысын қате орындайды дейді.

Ерлан, 9-сынып:

Ал, Ерлан, керісінше үйден оқыған ұнамады дейді. Оның айтуынша, қашықтан оқу мен мектепке барып оқудың айырмашылығы жер мен көктей.

"Бірінші тоқсан бастапқыда қиын болды, сабақ өту форматы түсініксіз болды. Ал былайша жақсы өтті. Қашықтан оқуға үйреніп те қалдық. Онлайн оқудың артықшылықтары ол жақындарыңның қасында боласың. Ал кемшіліктері кей кезде техникалық ақаулар болып тұрады. Мысалы Zoom, Microsoft Teams бағдарламарында. Cондықтан үйден оқыған маған аса ұнаған жоқ, өйткені қашықтан оқыған мен барып оқудың айырмашылығы өте көп", - дейді тараздық Ерлан.

Іңкәр, 4-сынып:

4-сынып оқушысы Іңкәр осы уақытқа дейін қашықтан оқыған, ал осы таяуда кезекші сыныпқа көшіпті.

"Бірінші тоқсан жақсы өтті. Негізі үйден оқуға үйреніп қалған едім. Үйде оқығанның бір артықшылығы сен кез келген жерде отырып, сабаққа қатыса бересің. Дегенмен, әрине, кезекші сыныпта оқыған жақсырақ", - дейді Іңкәр.

"Біз дайынбыз". Қазақстандықтар коронавирустың екінші толқыны турал

Әсел, 4-сынып оқушысы:

Ал Әсел тезірек мектепке барғысы келетінін айтады.

"Онлайн-сабақтардан шаршадым. Ата-анам да шаршадым. Екінші тоқсанда ата-анам үйден қашып кететін шығар. Себебі үй тапсырмасын ата-анаммен бірге жасаймыз. Онлайн-сабақта айтылған тақырыпты бәрібір дұрыс жете түсінбейсің, себебі не мұғалімде не оқушылардың біреуінде Интернет нашар болады да дұрыс естілмей қалады. Артынша мұғалім көп тапсырма береді. Сондықтан ата-анам маған көмектеседі. Ең жаманы күні бойы компьютер алдында отырамыз", - дейді Әсел.

Жания, 8-сынып оқушысы:

Жания қашықтан оқудың пайдасы көп екенін айтады.

"Иә, бастапқыда онлайн форматқа өту қиын болды. 1-2 апта сабаққа дұрыс қатыспадық. Бірақ егер сабаққа және үй тапсырмаларына мұқият болсаң, бәрін уақтылы тапсырып, демала бересің. Сондықтан қашықтан оқудың артықшылығы көп деп ойлаймын. Мұғалімдерге бұл қиын болуы мүмкін, бірақ бізге, оқушыларға, бұл өте ыңғайлы әрі біз екі айда үйреніп те кеттік", - дейді Жания.

Еске салайық, қазақстандық оқушылар қашықтан оқу форматына 6 сәуірде көшкен болатын. Ал 26 қазанда ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында оқу ісіне қатысты бірқатар шешім қыбылдаған. Сол шешім бойынша, мектепте оқыту бойынша екінші тоқсаннан бастап қалалық және ауылдық мектептердің жұмысы 300 оқушыға дейін дәстүрлі форматқа көшіріліп, ата-аналардың өтініші бойынша 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат берілген.

Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска тағу режимін сақтау керек.

"Менің жүйкем таусылды". Қашықтан оқудағы қызықтар

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети