Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 февраля 2022 15:55

Қаңтар қасіреті: Бас прокуратура ұсталғандардың құқығы қалай қорғалатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілісте қаңтар оқиғасынан кейін тергеуден өтіп жатқан күдіктілерге қатысты тергеу изоляторындағы азаптаулар дерегіне қатысты мәселе көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мәжілісте қаңтар оқиғасынан кейін тергеуден өтіп жатқан күдіктілерге қатысты тергеу изоляторындағы азаптаулар дерегіне қатысты мәселе көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мәжіліс отырысы барысында депутат Еділ Жаңбыршин бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевке сұрақ қойды.

"Ақпараттық кеңесте қаңтар оқиғасына қатысушыларды ұстау кезінде тәртіп сақшыларының шектен тыс күш қолдану дерегі туралы хабарламалар бар. ІІМ мәліметінше, қаңтар оқиғасына қатысты 2750 қылмыстық іс қозғалған. Осыған байланысты адамдар заңсыз қамауда ұстау, қамаудағыларға қатысты қатыгездік, тіпті азаптауларға шағымданып жатыр. Тергеуде заңсыз әдістер қолдану, билік пен өкілеттікті асыра пайдалану бойынша 148 арыз түскен. 105 шағым бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның 91-і тергеудің заңсыз әрекеті бойынша (...) Осыған байланысты ІІМ алдағы уақытта адам құқықтары бұзылуы дерегін қалай жоймақ? Заң бұзған полиция қызметкерлері қалай жазаланады?" - деп сұрады депутат. 

Әсет Шындалиевтің сөзінше, қаңтардағы оқиғалардың бірінші күнінен бастап Бас прокуратура ұсталған адамдардың конституциялық құқықтарын сақтауға бірнеше шара қабылдаған. 

"Тиісті тапсырма жергілікті прокуратураларға да берілді. Оның ішінде, ұсталған адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және түскен арыз-шағымдарды сапалы қарау жұмыстары бар. Бірінші күндері 96 адам уақытша ұстау изоляторынан босатылды. Бүгінде ұсталған адамдардың отбасы, жасын, денсаулық жағдайын ескеріп қамаудағы адамдарды бұлтартпау шарасын қарастырып жатырмыз. Ұсталғандарға медициналық көмек көрсетуге тек ҚААЖ қызметкерліре емес, сонымен қатар, жергілікті қалалық, облыстық дәрігерлер де тартылды. Ұсталғандардың құқығын сақтау үшін біз адам құқығы өкілдерімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде тергеу кезіндегі заңсыз тәсіл дерегі бойынша 250 шағым, ол бойынша 133 қылмыстық іс қозғалды", - деді бас прокурордың орынбасары. 

Шындалиев бұл істер прокурорлардың бақылауында екенін атап өтті. 

Еске салайық, бұған дейін қаңтар оқиғасын тергеу комиссиясының басшысы, құқық қорғаушы, заңгер Айман Омарова қаңтардағы тәртіпсіздіктер Алматыны ғана емес, еліміздің басқа да өңірлерін қамтығанын айтқан болатын. Омарова әр жерде жағдай түрлі сипатта болғанын айтты. Оларды біріктіретін жалғыз нәрсе - митингілер. Оның айтуынша, наразылық білдірушілердің шыққан себептері әртүрлі болды әрі олар істеген құқық бұзушылықтар да әртүрлі болған. 

Айман Омарова халық құқық қорғау органдарынан әділ тергеу күтетінін атап өтті. Ол жоғары санатты мамандарды тарта отырып, сапалы тергеу жүргізуге шақырды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети