Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 марта 2020 13:02

Карантин: сауда орындары қалай жұмыс істейді?

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев карантин кезінде сауда орындарының қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев карантин кезінде сауда орындарының қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен ол қаладағы ірі сауда орталықтары, базарлар, сауда үйлері жабылғанын, тек азық-түлік пен қажет тауарларды сататын объектілер мен дәріханалар, банк кассалары қалыпты жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Жоғарыда айтылған нысандар қалыпты режимде үздіксіз жұмыс істеуі керек. Санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейеді. Кезекте тұрған сатып алушылардың арасында 1 метр алшақтық болуы керек", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, Ерлан Бекмырзаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен негізгі қажет тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол берілмейтінін айтты.

"Азық-түлік тауарлары оның ішінде көкөністер мен жемістерден басқа тауарлар, кептірілген жеміс-жидектер қапталған күйде сатылуы керек", - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, ол қаладағы мейрамханалар, дәмханалар мен асханалар онлайн түрде ғана жұмыс істей алатынын айтты.

Айта кетейік, осыған дейін елорда әкімінің орынбасары Бахтияр Макен астаналықтарға маңызды үндеу жасап, халыққа қызмет көрсету орындары нешеге дейін жұмыс істейтінін айтқан болатын.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 37 адамға жетті. 19 науқас Алматыда, қалған 18-і Нұр-Сұлтанда.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. 

Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети