ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА КАНАЛ TENGRI LIVE

"Қарғыбауының құнын төлеп алады". Тоқаевқа тазы сыйлаған Абзал Досыманмен сұхбат

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Жеке Архив / Massaget.kz Фото: Жеке Архив / Massaget.kz

Абзал Досыман мемлекеттік қызметкер, медиа саласында жұмыс істейді. Ол қосымша тазы баптаумен айналысып, халқымыздың ұлттық брендінің сақталуына өз үлесін қосып жүрген жандардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа құмай тазы сыйлаған. Massaget.kz тілшісі құмай тазы баптайтын Абзал Досыман сұхбаттасты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Абзал Досыман мемлекеттік қызметкер, медиа саласында жұмыс істейді. Ол қосымша тазы баптаумен айналысып, халқымыздың ұлттық брендінің сақталуына өз үлесін қосып жүрген жандардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа құмай тазы сыйлаған. Massaget.kz тілшісі құмай тазы баптайтын Абзал Досыман сұхбаттасты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"Екі тазымен бастадық"

Абзал Досыман ит баптауды балалық шағында атасынан көріп өскен.

"Бұрынғы Торғай, қазіргі Қостанай облысында атамның жайлауында өстім. Жайлауда қасқырлар көп болғаннан кейін атам одан қорғау үшін тазылар ұстады. Атамның 10-15 тазысы болды. Соны көріп өстім. 7 жасымда әке-шешеме қалаға кеттім. Арқалықта, кейін Астанада тұрдым. Ит баптаудың реті келмеді. 2010 жылы әке шешем жер үйге көшкен соң тазыларды қайта жаңғырту ойыма келді. Жігіттермен ақылдасып, тазыны баптау, санын қалпына келтіру, сақтап қалу, генетикалық ерекшеліктерін арттыру мақсатында қазақтың құмай тазыларымен кәсіби деңгейде айналысамыз деген мақсат қойдық. Сөйтіп, 2010 жылы жігіттермен бірге "Номад" ұлттық аңшылық клубы" қоғамдық қоры құрылды. Біз ешқашан тазыдан коммерциялық мүдде іздемедік, яғни сатып пайда табуды ойлаған жоқпыз. Осы кезең ішінде тазы ұстаймын, сақтаймын, көбейтемін деген шынайы жанашыр-қызығушыларға 1600-ге жуық тазының күшіктері таратылды. Санын көбейту үшін әсіресе, малшыларға таратуға тырыстық",- деді ол.

Оның айтуынша, бұл іспен айналысуға құмай тазы санының аздығы әсер еткен.

"Біріншіден, бұл іспен айналысуға кішкентайымнан тазылармен өскен соң сол әсер етті. Екіншіден, еліміздегі тазының жағдайы, саны түрткі болды. Мәселен, 2000 жылдардың басында кейбір деректерге сәйкес қазақтың құмай тазысының саны 300-ге жуық болып қалды. Негізі қазақтың құмай тазысы сарғыш, қызғылт болып келеді. Қара, сұр, ақ дегендер де тазы деп саналады. Бірақ қазақтың нағыз тазысы сарғыш, қызғылт болып келеді. Біздің мақсатымыз - осы түсті тазыларды көбейту керек болды. Бастапқыда екі тазыдан бастадық", - деді ол.

"6 жыл өмір сүреді"

Ол әр жұма сайын кешкісін тазыларға уақыт бөліп, ауылға баратынын айтты.

Фото: жеке архив

"Жалпы тазылардың орташа өмір сүру ұзақтығы - 6 жыл. Кейде 7-8 жылға дейін өмір сүрген тазылар болды. Тазы баптаудың ерекшеліктері мен өзіндік ережелері бар. Тазының күшігі туған кезде екі аптадан соң ана сүтінен ауыздандыра бастаймыз. Араластырып, сұлының ботқасын береміз. Базарда сататын ет сүйектерін алып, суға қайнатып, тұз қосылған сорпасын береміз. Иттің бойындағы құрт, паразиттерді түсіру үшін бір айға жақындағанда арнайы дәрі, екпе салдырамыз. Қоғамдық қорда арнайы ветеринар бар. Сол барлығын қадағалап отырады. Күшіктерге шикі ет бермейміз. Етті саусақтың ұшындай етіп беріп, кейін мөлшерін үлкейте береміз".- деді Абзал Досыман.

Абзал Досыманның айтуынша, тазылар Астанадан 50 км жерде Жаңа Есіл деген ауылда бапталады.

"Тазыларды сол ауылда ұстаймыз. Онда арнайы аумақ бар. Тазы үнемі жүгіру керек, әрдайым аңға шығу қажет. Сол үшін жылқылар да бар. Адамдар бізге жылқыларын әкеліп, орынның жалға алу ақысын төлейді. Біз сол ақшаға шығындарды жабамыз. Жылқышылар бір атты 2-3 сағат жүргізіп алу керек қой. 3 жылқышы 20 атты солай күнде жүргізеді. Сол уақытта тазылар да жүгіріп отырады. Себебі олар әрдайым формада болу керек. Мемлекет басшыларымен кездесіп жүрсе де олар далаға шыққанда бәсекеге сай, жүйрік болу керек", - деді ол.

"Тазыны ит деп айтпайды"

Жүйрік болсын деген ниетпен тазыға құстардың атын берген.


Фото: жеке архив

"Тазыларыма жүйрік болсын деген ырыммен құстардың атын қоямын. Мысалы, Қаршыға, Шағала деген тазыларым бар. Сыланып тұр дейді ғой, атына заты сай арлан болса да сыланып тұратын тазыма Сылан деген атау бердім. Тазының ұрғашысын өлекшін деп аталады. Тазыны ит деп айтпайды. Біз тазылардың арасынан қаны араласып кеткен тазы көрсек, иесіне "мына тазың ит боп кетіпті ғой" деп айтамыз. Ол мазақ қылу болып кетеді. Ең жүйрік құс Сапсанға ырымдап, соның атын берген тазым бар. Шапшаң деген сөз сапсан деген сөзден шыққан ғой. Бұдан бөлек Ерза, Ұшар, Басар, Найза, Пуля деген тазыларым бар", - деді Абзал Досыман.

Тазыларға байланысты Түркия мен Финляндияда фотокөрме ұйымдастырғанын айтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer