Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 февраля 2020 12:19

Қаржы министрі ұлттық компаниялар жұмысындағы олқылықтарды атады

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы министрі Әлихан Смайылов. © Тұрар Қазанғапов Қаржы министрі Әлихан Смайылов. © Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов ұлттық компаниялар мемлекет қаржысын неге тиімсіз пайдаланып отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов ұлттық компаниялар мемлекет қаржысын неге тиімсіз пайдаланып отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжілістегі үкімет сағатында бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік аудитті одан әрі дамыту мәселесі талқыға салынды. Бұл мәселе бойынша Әлихан Смайылов баяндама жасады.

Кейін депутат Жексенбай Дүйсебаев министрге сауал жолдады. Оның айтуынша, бюджет қаражатының миллиардтаған теңгесі тиімсіз пайдаланылады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үкімет пен есеп комитетіне 3 ай мерзімде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігіне талдау жүргізуді тапсырғанын білеміз. Белгіленген 3 ай уақыт өтіп кетті. Президенттің тапсырмасы қалай орындалды? Жүргізілген талдаудың қорытындысы қандай?", - деді ол.

Әлихан Смайылов бұл салада олқылықтар барын ашық айтты.

"Бұл тапсырма бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына есеп комитеті, ұлттық экономика және қаржы министрлігінің қызметкерлері кірді. "Самрұқ Қазына" АҚ, "Бәйтерек" АҚ және "Қазагро" холдингі жұмыстарына тиісті талдау жүргізілді. Өткен жылдың желтоқсанында тиісті қорытынды жасалды", - деді ол.

Министр бұл саладағы негізгі кемшіліктерге тоқталды.

"Бұл ұлттық холдингтердің рөлі мен орны мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жоқ деп айтуға болады. Бұл - бірінші негізгі кемшілік. Екіншіден, кейбір инвестициялық жобалары тиімсіз. Үшіншіден, дивиденттік саясатында кемшіліктер бар. Сондай-ақ борыштық міндеттемелердің өсуі байқалады. Осындай кемшіліктерді байқадық", - дейді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар ведомство басшысы бұл мәселеның қалай шешіліп жатқанын түсіндірді.

"Осыған сәйкес, тиісті ұсыныстарды бердік. Біріншіден, мемлекеттік холдингтердың стратегиялық жоспарлау жұмыстарын жетілдіруіміз керек. Олардың көрсеткіштерін мемлекеттік жоспарлау жүйесі көрсеткіштеріне сәйкестендіруіміз қажет. Екіншіден, олардың сатып алуларын бірыңғай заңмен қамтамасыз етуіміз шарт. Қазір біз бірыңғай сатып алу бойынша заң жобасын әзірлеп жатырмыз. Сондай-ақ дивиденттік саясатты бекітуіміз керек", - дейді премьер-министрінің бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, бұл талап бойынша квазимемлекеттік сектордағы компаниялар таза табысының 50 пайызын мемлекеттік бюджетке аударуы керек.

"Сонымен қатар кейбір квазимемлекеттік органдардың еншілес компанияларын тікелей министрліктерге беру ұсынылды. Осы бірқатар ұсыныстарды өткен жылдың желтоқсан айында президенттің әкімшілігіне жібердік", - деп түйіндеді сөзін Әлихан Смайылов.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети