РЕЙТИНГ ДЕПУТАТОВ СЕНАТА
05 июля 2018 | 22:31

Қарттар үйіндегі кейуананың қилы тағдыры

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін 7 арнада "Өз ойым" бағдарламасында "Қарттар үйіндегі қилы тағдырлар" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға немере сіңілісі алдап,үйін тартып алған 82 жастағы Ұлболсын апа конақта болды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнада "Өз ойым" бағдарламасында "Қарттар үйіндегі қилы тағдырлар" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға немере сіңілісі алдап,үйін тартып алған 82 жастағы Ұлболсын апа конақта болды.

25 жыл теміржол саласында жұмыс атқарған әжей екі қызы бар адаммен бас қостым дейді. Қыздардың әкесі қайтыс болғаннан кейін әжей немере сіңілісінің арбауына алданып, өгей қыздарын үйден қуып шыққан. Кейіннен ол немере қызы әжейді қарттар үйіне апарып тастаған.

Айтуынша, Ғалия - ол туған апасының қызы. Сол кезде ауруханаға түскен едім. 2011 жыл болатын. Содан бір күні ол мені нотариусқа ертіп барды. Асығыс болды. Көзілдірігім болса үйде қалып кеткен еді. Қол қоятын құжаттарды оқи алмадым да. Ғалия маған "уайымдама, апа, мен оқып бердім ғой, қол қоя беріңіз" деді. Мен қайдан білейін, туысым ғой, сеніп, қолымды қоя салдым. (...)", - дейді Ұлболсын апа.

Ал қазір, Ұлбосын апаның айтуынша, ол өзінің бұрынғы үйінде екінші қызы Жанардың қолында тұрып жатыр.

Сондай-ақ, бағдарламаға қарттар үйінде тұратын тағы бірнеше адам келді. Олардың бірі осыдан 20 күн бұрын ғана қарттар үйіне түсіпті. 

"Үйге кезекте тұрмын. Бала-шаға өздері өмір сүріп жатыр. Немере екеумізде үй жоқ. Автовокзал жақта жатып жүрміз. Балаларым да осылай жүргенімді біледі", - дейді апалардың бірі.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі.

Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады. Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer