Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 марта 2020 13:04

Қашықтан жұмыс істеуге рұқсат берілмесе не істеу керек? Министр жауабы

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: enbek.gov.kz Фото: enbek.gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмысшыларға қашықтан жұмыс істеуге рұқсат берілмесе, олардың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмысшыларға қашықтан жұмыс істеуге рұқсат берілмесе, олардың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, бүгін түнде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин жарияланады. Осылайша, азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылып, санитарлық эпидемиологияға қарсы шаралар күшейеді.

Министрдің пікірінше, бұл жағдай кәсіпорындардың, ұйымдардың жұмыс тәртібіне әсерін тигізеді. 

"Біріншіден, барлық мекеме, ұйым қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі болса, барлық жұмысшыны қашықтан жұмыс жүргізу тәртібіне ауыстыруы қажет. Кеше Президент барлық мемлекеттік орган, квазимемлекеттік ұйымда 70 пайызға дейін қызметкерлерін қашықтан жұмысқа ауыстыру жөнінде тапсырма берді. Мемлекеттік емес және жеке кәсіпорындар да осы тәртіпке көшуі қажет", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Нұрымбетов бұл жағдайда жұмыс тәртібі Еңбек кодексінің 138-бабындағы тәртіппен реттелетінін, жалақыны төлеу тәртібі өзгермейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, министр жұмысшыларға қашықтан жұмыс істеуге рұқсат берілмесе, олардың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

"Екіншіден, жұмысшыларды қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруға мүмкіндік болмаса, жұмыс беруші өз тарапынан қысқарған жұмыс уақытын белгілеуі мүмкін. Бұл жағдай еңбек кодексінің 70-бабындағы тәртіппен реттеледі. Жұмыс беруші аптасындағы жұмыс күнінің санын азайту немесе бір жұмыс күні ішіндегі сағатты азайтуа алады. Бұл жағдайда азаматтар жалақыны атқарылған жұмыс уақытына сай алады", - деді Біржан Нұрымбетов.

Ол карантинге қатысты бірқатар мекеме мен ұйым жұмысын тоқтатуға мәжбүр болатынын ашық айтты. Сондай-ақ, ведомство басшысы жұмысы қысқартылған азаматтар жалақысын қалай алатынын түсіндірді.

"Бұл жағдайда жұмыс берушілер еңбек кодесінің 112-бабына сүйенуі қажет. Кодекстің бұл бабына сәйкес, мәжбүрлі түрде жұмыс тоқтаған кезде жұмысшыларға еліміздегі ең төменгі жалақыдан төмен емес мөлшерде жалақы төленуі тиіс", - деді министр.

Оның айтуынша, еліміздегі ең төменгі жалақының мөлшері - 42 500 теңге.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 35-ке жетті.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети