Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 апреля 2020 16:47

"Қашықтан оқытуға дайын болмады". Білім министрлігі ата-аналардан кешірім сұрады

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: vladtime.ru Фото: vladtime.ru

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова телеарнадан көрсетілетін бейнесабақтарда кеткен қате үшін ата-аналардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова телеарнадан көрсетілетін бейнесабақтарда кеткен қате үшін ата-аналардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Каринова телеарнадан көрсетілетін бейнесабақтардан қатені өзі байқағанын ашық айтты.

"Біз де осы қателерді көріп отырмыз. Қашықтан оқытуға мектептер мен мұғалімдер де дайын болмады. Мұғалімдердің қобалжуы байқалды. Екі аптаның ішінде 700-ден артық бейнесабақ көрсетілді. Бұл - демалыс кезінде түсірілген сабақтар. Сондықтан жіберілген қателер үшін ата-аналардан, балалардан кешірім сұраймыз", - деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 700 бейнесабақтың екеуінен қате кеткен.

"700-ден артық бейнесабақтың екеуінен қате кеткені анықталды. Бұл бейнесабақтар барлық телеарнадан алынды. Кейін қайта түсіріліп, Youtube-каналына жүктелді. Тексеру жұмыстарын күшейтіп, мұндай қателерді болдырмау үшін барлық шара іске асырылып жатыр", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети