Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 июля 2020 09:36

"Кәсіпкер" журналының бас редакторы Гүлжиян Сүлейменова қайтыс болды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Жетісу газеті Фото: Жетісу газеті

"Кәсіпкер" республикалық журналының бас редакторы Сүлейменова Гүлжиян Мағданқызы қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайғылы жағдайды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел растады.


"Кәсіпкер" республикалық журналының бас редакторы Сүлейменова Гүлжиян Мағданқызы қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайғылы жағдайды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел растады.

"Иә, кеше пневмониядан қайтыс болды", - деді баспасөз хатшысы.

Облыс әкімі Амандық Баталов Гүлжиян Сүлейменованың отбасы мен туыстарына көңіл айтты.

"Әлемді дүрліктіріп, біздің елімізді де алаңдатып отырған індет санаулы күннің ішінде қаншама елге танымал, жаны жайсаң жандарды ортамыздан алып кетті. Күн сайын суық хабар. Бүгін де қабырғамызды қайыстырған қайғылы жағдай болып отыр. Жетісу жеріне танымал, бойжеткен шағынан құрметті демалысқа шыққанға дейін, тіпті, одан кейін де туған жерінің өркендеуі жолында аянбай еңбек еткен аяулы жан Гүлжиян Мағданқызы Сүлейменова өмірден өтті... Ұзақ жылғы еңбегінің өтеуіне кеудесіне "Құрмет" орденін тақты, өзі еңбек еткен аудандардың да құрметіне бөленді және Алматы облысының Құрметті азаматы атанды. Осындай аяулы жанды өткен шақпен еске ала отырып, марқұмның отбасына, туған-туыстары мен әріптес-замандастарына қайғырып, көңіл айтамын", - деді әкім.

Гүлжиян Мағданқызы Сүлейменова - 1953 жылы 1 мамырда Павлодар облысы Цюрупин ауданының Үлгілі ауылында туған. Ұлты - қазақ. Әкесі - Сүлейменов Мағдан Меркенұлы. Анасы - Сыздықбаева Нұрбике. Қыздар педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетін (1975) тарих және қоғамтану мұғалімі, әдіскер мамандығы бойынша; ҚМЭБИ (1993) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. Nur Otan ХДП мүшесі.

Айта кетейік, қазір еліміздің бірқатар өңірінде пневмония өршіп тұр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети