ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
26 декабря 2018 | 13:30

"Қазақ елін аңсайтынбыз, кітаптарын оқып, концерттерін көретінбіз"

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Елден кету жайлы, оның оң-солын таразылаған талқылауларды жиі естиміз. Ал келіп жатқандар, біржола көшіп келгендер бүгінде елімізде қалай өмір сүріп жатыр? Елімізге келіп жатқан қарапайым тұрғындардың ойы қандай, келудегі мақсат не, қазақстандықтар жайлы не дейді? Tengrinews.kz сайтында "Елге жол" атты арнайы жобамызды ұсынамыз. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Елден кету жайлы, оның оң-солын таразылаған талқылауларды жиі естиміз. Ал келіп жатқандар, біржола көшіп келгендер бүгінде елімізде қалай өмір сүріп жатыр? Елімізге келіп жатқан қарапайым тұрғындардың ойы қандай, келудегі мақсат не, қазақстандықтар жайлы не дейді? Tengrinews.kz сайтында "Елге жол" атты арнайы жобамызды ұсынамыз. 

Кейіпкеріміз - Ырғынбек Меден елге 2003 жылы Қытайдан көшіп келді. Қазіргі уақытта Қазақ мемлекеттік қыздар университетінің Медиа бөлімінде қызмет атқарады. Елге көшудегі кедергілер, Қазақстандағы жағдайы, отбасы және болашақ арман-мұраттары жайлы кейіпкеріміз баяндап берсін. 

"Атаның белі, ананың құрсағынан келдім"

Бір данышпанның "Қайдан келдің?" деген сұраққа "Атаның белі, ананың құрсағынан келдім" деп өте дұрыс жауап бергені бар. Менің туған жерім бүкіл түркі тектес халықтардың ақ бесігі болған - Алтай аймағы, Көктоғай ауданы, Қаратүнке ауылы, Ертіс өзенінің бойында. Әкем Меден оқыған, көзі ашық, құранды қолына ұстаған діндар, үш атадан молдалығы жалғасқан, өзі күйші, көкірек көзі ояу адам еді. Ол кісі 2009 жылы дүние салды. Қазір анам бар, жеті ұл, үш қызды өмірге әкелген, мәпелеген ардақты ана. 

Анамыздың ақ тілегімен, әкеміздің батасымен қазақ еліне, ата жұртымызға қоныс аудардым. Алтайда жүргенде қазақ елін аңсайтынбыз, осы жақтың кітаптарын оқитынбыз, осы жақтың концерттері мен фильмдерін қалдырмай көретінбіз. Шіркін-ау, елге келсек, өнердің биігінен көрінсек, кеудемізде тулап-толқып жатқан осы бір қасиетті ұғымды биік сахнадан көрсетсек деп аңсадық. Бұл, біріншіден, жүректе туындаған арман десек, екіншіден, әкемнің қазақ еліне көшіп, оқуым мен өнерімді дамытсаң деген тілегі еді. 

"Қазақ қайда жүрсе де қазақ қой"

Сол аңсармен қазақ еліне жеттім, қазір, құдайға шүкір, отбасым бар. Өзім де, әйелім де өнер адамдарымыз. Ән саламыз, жазамыз. Кішкентай екі қызым бар, бірі тоғызда, екіншісі бір жарым жаста.

Жасыратыны жоқ, Алматыға келгенде тіршілік қиын болды. Келе-келе бой үйреттім, жалпы алғанда бәрі жақсы. Қазақ қайда жүрсе де қазақ қой, ғұрпы, салт-дәстүрі бар. Қала мен ауылдың адамдары сәл басқаша екенін аңғардым. Десе де, көш жүре түзеледі дейді, әйтеуір қазақ қайда жүрсек те қазақ қой. "Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" дейді, басында сәл өзгешелеу болғанымен, кейін келе үйірлесіп кеттік.

Алматыдан өзге жаққа кетсек, сағынатын жағдайға жеттік. Алматы ыстық сезілді. Концерттермен, іссапармен басқа облыстарға барсақ та ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жер болғандықтан, бәрінің ойы да, көңілі де бір.

"Тексеріс көп. Бір құжат үшін 20 реттен барған кезім болды"

Әрине, туған елді, туған жерді қиып кету мүмкін емес. Өте қиын. Бірақ болашақ үшін атамекенге келу басты арманымыз болды. Ол жақта елге келу мәселесінде қиындықтар болды. Қытайда жүргенде де халықтың алдында болдық, жақсы оқыдық. Сондықтан ол жақта мәртебеміз биік болды.

Дей тұрғанымен ата жұртқа оралу басты арманымыз еді. Осы жаққа келерімізде еш туысымыз жоқ еді, тек достарымыз болды. Сол достарымыз бізге шақырту жіберіп, халыққа қызмет көрсету орталығына барып, төлқұжатымызды жасату қиын жұмыс болғанын жасырмаймын. Ол жақта шетелге шығу үшін құжат жасату күрделірек. Тексеріс көп. Бір құжат үшін 20 реттен барған кезім болды.

Сөйтіп, әрең дегенде құжат дайын болып, шекарадан өтер кезде, бір қызығы қан тексереді екен. Бұл шетелге шығудағы ережесі, жалпы жағдайыңды тексеруі екен. Оның мөрі басылмаса, шекарадан достарыммен бірге шыға алмай, жалғыз жол жүреді екенмін. Ал жалғыз жол жүру қиындау. Қалып қойсаңыз бұл процесс үш-төрт күнге созылып кетеді. Тексеретін адам қазақ кісі болып шығып, жалынып жүріп, достарымнан қалмайын деп, нәтижемді шығарып беруін сұрадым. Сөйтіп, шекарадан өткен жайымыз бар...

Елге келгендегі әсер

Қазақ елінің шекарасына келіп, көк туды көргенде, мәртебеміз өсіп, бойды қуаныш сезімі биледі. Күтіп алатын туыс-жаранымыз, жақын жанашырымыз жоқ еді. Пәтер жалдап, елдегі өмірді солай бастап кеттік. Сырттан келген қандастарға арналған дайындық оқуының емтиханы біз келгенде өтіп кетіпті, сонымен бір жыл дайындалуға тура келіп, келесі жылғы бірыңғай тестілеуге қатысу керек болды. Кері қайтатын жол жоқ. Бір жыл бос болдық. Өз күшімізбен, өз қаражатымызбен жүріп-тұрдық, арасында қара жұмысты да істеген кезіміз болды. Сол қарбаластың арасында оқуға тапсыруға да дайындалдым. Бұл 2003 жыл еді.

Келесі жылы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясына барып тапсырдым, бағымды сынадым. Сол кезде жақсы адамдарға жолықтық, Қазақстанның Халық әртісі, профессор Есмұхан Обаев қабылдады. Әннен сабақ берген Мақсұт Оразұлы әннен сабақ беріп жүріп, ақылын аямай, тәрбиесін, үлгі-өнегесін көрсетті. Сөйтіп, сынаққа дайындалуды бастап кеттік.

Таң атпай тұрып, дайындаламыз, этюдтер, образдар саласың, рөлде ойнайсың. Ат болып кісінеу керек болса, сол образды саласың. Өлең оқу керек болса, оны оқып, қара сөз айту керек болса, оны жаттап, әбден дайындалдық. 400-дей бала тапсырған едік, соның ішінен 24 бала өттік. Мен "музыкалық драма" мамандығы бойынша оқуға түстім. Қуанышымда шек жоқ еді. Төрт жыл сол оқуда болдым.

Мен Төлегенді, жарым Жібекті сомдадық

Оны тәмамдағаннан кейін Қазақ мемлекеттік қыздар университетінде студенттер театры болды. Сол театрға келіп жүретінмін, онда Төлегенді сомдау бақыты бұйырды, ал Жібектің рөлінде жолдасым Бақытнұр ойнады. Осылайша, өмірде де, өнерде де жұбымыз жарасып, қазір осы университетің медиа бөлімінде жұмыс істеп жатырмын. Шығармашылымызбен айналысамыз.


Суреттер Ырғынбек Меденнің жеке мұрағатынан

Әзірше үлкенді-кішілі сахналарда өнер көрсетіп жүрміз. Түрлі конкурстарға да қатысып, көгілдір экраннан да көрініп жүрміз. "Алматы жастары" байқауына қатыстым, басқа да конкурстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүрмін, жарым Бақытнұр 2005 жылы Республикалық "Ана тілі аруы" байқауында бас жүлде жеңіп алды. "Халық сұраса, хан түйесін сояды" деп, өнерімізді осылайша паш етіп жүрміз.

Бірнеше авторлық әніміз бар. "Қазақ елі мақтаным", "Ардағым", "Көктоғайым", "Мәңгі бірге болайық", ал Бақытнұрдың "Ауылға кетіп барамын", "Атажұртқа сәлем", бүлдіршіндерге арналған "Тәй-тәй ботам" деген әндері бар. Бойға біткен қасиетімізді осылайша ата жұртқа келіп, алда жақсы шығармаларымызбен халықты қуантамыз деген ойымыз бар.

Оқи отырыңыз: 

"Қазақтың жанын Шоқан Уәлиханов пен Олжас Сүлейменов арқылы түсіндім"

"90-жылдар өмірімнің ең қиын кезеңі болды" - Нигериядан шыққан алматылық Боб Усоро

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer