Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 июля 2021 12:04

Қазақ парламентшісі ЕҚЫҰ ПА төрағасының орынбасары болып сайланды

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Сенат баспасөз қызметі © Сенат баспасөз қызметі

Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сенат баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сенат баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Венада (Австрия) өткен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жазғы сессиясына қатысты.

Ақпарат бойынша, ЕҚЫҰ парламентшілері Тұрақты комитеттің отырысы мен жалпы отырыс барысында Парламенттік Ассамблеяның қазіргі қызметі мен басымдықтарын талқылады, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша шешім қабылдады.

Төраға орынбасары сессия аясында Әзербайжан, Болгария, Дания, Литва, АҚШ, Финляндия, Швецияның ұлттық делегацияларының басшыларымен, оның ішінде ЕҚЫҰ ПА-ның жаңадан сайланған төрағасы М.Седерфельтпен кездесті. Асқар Шәкіров еуропалық депутаттарды жаңғырту жөніндегі күн тәртібі аясында жүзеге асып жатқан Мемлекет басшысының демократиялық реформаларының үш топтамасымен таныстырды.

ЕҚЫҰ парламентшілері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша Қазақстанда жүзеге асып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге қолдау білдірді. Дания делегациясының басшысы П.Юэл-Йенсенмен кездесу барысында Қазақстанмен парламентаралық диалогты дамытуға баса назар аударылды және Дания Парламентінде Орталық Азиямен достық тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сессия аясында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының басшылық құрамына сайлау болды, оның қорытындысы бойынша Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров ұйым төрағасының орынбасары болып сайланды.

Асқар Шәкіров және Маргарета Седерфельт © Сурет: Сенат баспасөз қызметі 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети