Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 июля 2020 12:34

Қазақстан 5 айда шетелден 154,3 миллиард теңгеге дәрі сатып алған - вице-министр

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Қазақстан шетелден наурыз бен шілде айлары аралығында 154,3 миллиард теңгеге дәрі сатып алғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Қазақстан шетелден наурыз бен шілде айлары аралығында 154,3 миллиард теңгеге дәрі сатып алғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, еліміз 5 айда шетелден қомақты қаржыға дәрі сатып алған.

"Бірыңғай дистрибьютор арқылы ("СК Фармация" - автор) отандық тауар өндірушілерден 59,8 миллиард теңге, импорттық тауар өндірушілерден 154,3 миллиард теңгеге дәрі-дәрмек сатып салынды. Бұл дәрі-дәрмектер кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсететін стационарлар мен поликлиникаларға жеткізілді", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін елімізге шетелден 98 жасанды таныс алдыру аппараты жеткізілгені хабарланған еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 451.08   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети