Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 февраля 2020 17:58

Қазақстан коронавируспен күресуге дайын ба? Бас санитар дәрігердің жауабы

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

ҚР бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин елімізде коронавирус инфекциясымен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин елімізде коронавирус инфекциясымен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан қауіпті дертті анықтап, онымен күресуге дайын.

"Бүгінде біз диагностика мәселесін шештік. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы 3 зертхана коронавирусты анықтай алады. Ол үшін ұлттық диагностикалық жүйе әзірленді", - дейді бас санитар дәрігер.

Сонымен қатар ол елімізде коронавирус инфекциясын анықтайтын жедел диагностикалық жүйесі әзірленгенін, басқа елдермен келісім барын жеткізді. Бекшиннің пікірінше, бұл жұмыстар елімізде қауіпті дерттің алдын алуға мүмкіндік береді.

"Басқа елдермен келістік. Мысалы, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерді алайын. Қытайдан ауруды анықтауға мүмкіндік беретін 5 мың, Ресейден 2 мың диагностикалық тестіні алдық. Сондықтан бүгінгі күні бізде диагностика қоры мне барлық аймақта резервті төсек-орындар, дәрі-дәрмектер бар", - деді Жандарбек Бекшин.

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған болатын. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети