Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 декабря 2023 12:04

Қазақстан қызылша ауруын жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орында екені рас па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл "Қазақстан қызылша ауруын жұқтырғандар саны бойынша алғашқы үштікке енді" деген ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл "Қазақстан қызылша ауруын жұқтырғандар саны бойынша алғашқы үштікке енді" деген ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) қызылшаның жаһандық эпидеті туралы деректерді ұсынды. Тізімнің көшбасында Йемен тұр. Онда қызылша ауруын жұқтырудың 23 мыңнан аса дерегі тіркелген. Екінші орында Үндістан (15 мыңға жуық дерек), үшінші орында Қазақстан (12 985 дерек) тұр.

CDC мәліметтерді биыл қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан алған. Манар Смағұл бұл жағдайға қатысты түсінік берді.

"Бүгін "Қазақстан қызылша ауруын жұқтыру бойынша көшбасшы елдің бірі болды" деген ақпарат қызу талқыланып жатыр. Мен осыған түсінік берейін. Әлемде қызылша жұқтырғандардың саны 2022 жылы өсе бастады. Ауру жұқтырудың ең көп дерегі Африка мен Оңтүстік-шығыс Азия, Шығыс жерорта теңізі аумағында тіркелді. Еуропа бұл процеске кеш қосылды.

Сондай-ақ 2022 жылы қызылшаны жұқтырудың ең көп дерегі Тәжікстан, Түркия және Ресей Федерациясында тіркеле бастады. Қазақстан барлық Еуропа өңірі сияқты процеске сәл кешігіп қосылды. Былтыр қызылшамен аурудың 4 дерегі тіркелді. 2023 жылы ауруды жұқтыру жағдайы ақпанда тіркелді, ал ауруды жұқтырудың жоғары көрсеткіші күзге таяу басталды. Мұны стандартты жағдай емес деп сипаттау керек. Себебі, вакцина алып, бұл ауруға жол бермеу болады. Жалпы ауру деңгейіне халықтың вакцинамен қамтамасыз етілуі әсер етеді", - деді басқарма төрағасы.

Ол Қазақстанда неге қызылша ауруы өршіп тұрғанын айтты. Жағдайдың ушығуына коронавирус та әсер еткен.

"Ауруға қарсы вакцина алған адамдардың саны көп болса, сырқаттанушылық деңгейі де жоғары болады. Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 4000 бала вакцина салдырмайды. Бұл шамамен дүниеге келген балалардың – 1 пайызы. Коронивирус пандемиясы әлемге де, оның ішінде біздегі вакцинацияға да кері әсерін тигізді. COVID-19 пандемиясы кезінде вакцина алмаған балалардың саны сәл өсті. Қазір олардың саны 8 мыңнан асады. Осылайша, ауруға қарсы иммунитет қалыптаспады. Бүгінде ауруды жұқтырудың осындай көрсеткіші тіркеліп отыр. Сондықтан ауруды болдырмау үшін халыққа вакцина алудың маңызын түсіндіру керек", - деді Манар Смағұл.

Сондай-ақ басшы қызылшаға қарсы үндістандық вакцинаның тиімді екенін атап өтіп, нақты мысалдар келтірді.

"Вакцинаның тиімділігінің тікелей көрсеткіші ретінде екпе алғандар арасында қызылша жұқтырудың тіркелуі болып саналады. Бүгінде вакцина салдырған адамдар арасында ауру жұқтырудың көрсеткіші – шамамен 3,5 пайыз. Алайда екпе алғандар арасында ауру әлдеқайда жеңіл өтеді. Неге (қызылшаға қарсы) иммунитет қалыптаспайды? Бұл вакцина салдырған адам ағзасының өзіне тән ерекшелігіне байланысты. Сондай-ақ суық тізбек сақталмаса, иммунитет қалыптаспауы мүмкін.

Жалпы екпе салдырған және салдырмағандардың арасында ауру жұқтыру дерегінің болуы вакцинаның тиімділігін көрсетеді. Яғни вакцина аурудың асқынуын болдырмайды. Қызылшаға қарсы екпе алсаңыз ауырмайсыз. Жалпы бұл екпені алу қызылшамен ауырмауға және аурудың асқынуына жол бермейді", - деп түйіндеді сөзін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 441.41   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети