Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 февраля 2020 10:13

Қазақстанда 10 баласы бар қанша отбасы тұрады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанда жәрдемақы алып отырған 15 баласы бар 1 ғана отбасы және 10 баласы бар 168 отбасы тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің редакцияның сауалхатына берген жауабында айтылады.

2020 жылғы 19 ақпан жағдайы бойынша Республикада 389 582 көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындалған. Сонымен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елдегі көпбалалы отбасылар саны мынадай:

Сонымен қатар, 2020 жылға бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға жәрдемақы төлеуге 177,6 миллиард теңге жұмсау көзделгені, биылғы 1 ақпан жағдайы бойынша 369 872 отбасыға 17,1 миллиард теңге сомасында жәрдемақы төленгені айтылады.

Еске салайық, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 7 және одан көпбалалы отбасыларға жәрдемақы енгізілгенін мәлімдеген. Оның айтуынша, енді 8 және одан да көп балалы отбасыларға да біркелкі жәрдемақы беру қарастырылып отыр. Мысалы, 8 балаға 85 мың теңге, 10 бала 106 мың теңге, 15 балаға 159 мың теңге төленеді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети