Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 апреля 2020 15:26

Қазақстанда 45 бала коронавирус жұқтырған

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 45 бала коронавирус жұқтырған. Қазір 4 бала емделіп, сауығып шыққан, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.


Қазақстанда 45 бала коронавирус жұқтырған. Қазір 4 бала емделіп, сауығып шыққан, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.

"Қазақстанда балалар арасында 45 бала коронавирус індетін жұқтырған. Олардың төртеуі сауығып шықты. Жағдайы орташа ауыр дәрежеде", - деді бас санитар дәрігер.

Бұған дейін бас санитар 120 медициналық қызметкердің коронавирус жұқтырғанын айтқан болатын. Олардың ішінде бір дәрігердің жағдайы ауыр.

Айта кетейік, қазір елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 604 адамға жетті. Оның ішінде 45 адам сауықты, 6 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети