1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Қазақстанда жарты жылда 147 адам донор таппай қайтыс болды 30 июля 2021, 13:20

Қазақстанда жарты жылда 147 адам донор таппай қайтыс болды. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда жарты жылда 147 адам донор таппай қайтыс болды. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жаңалықтар қызметінің мәліметінше, науқастар көз жұмып жатса да, өзгенің бауыры мен жүрегін күтіп жүрген жандар өте көп. Жыл сайын көбейіп жатыр. Бүгінде 3418 адам орган алмастыру кезегінде тұр. Олардың тоқсан пайызына бүйрек керек. Бұл тізімде 89 бала бар. 

"Біздің трансплант үлестірушілер 40 донорды анықтады. Биылғы жарты жылда ғана. Бірақ әр адам донорлыққа жарамайды. 17 келісімнің ішінде біреуі ғана жарап отыр", - дейді "Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық" директоры Әділ Жұмағалиев. 

Жұмағалиевтің сөзінше, 147 адам күту парағынан қайтыс болу себебімен шығып қалған. 

"Осындай жағдай болмауы керек. Ағза жетіспеуі. Оны мен айтайын, бір адамнан 7-8 ағзаға дейін алып, оның өмірін жалғастыруға болады", - дейді Әділ Жұмағалиев. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

"Қасымда жатқан адамдар бар. 10 жыл, 15 жыл тоже күтіп отыр. 10 жылда бір шақырды ма деп едім донорда очередте тұрсын ғо десем, шақырған жоқ дит әлі. Тек туысқанын болмаса өлген адамның почкасын ғана салады. Болды. Квота сұрадым шетелге. Оны да берген жоқ", - дейді Бекболат Черниязов есімді тұрғын. 

Ал Әділ Жұмағалиевтің сөзінше, квота беріледі. 

"Егер нақты көрсеткіштері келсе. Комиссия бар ғой ол жерде де. Ондай адамдар күту парағында болуы тиіс", - дейді ол. 

Жаңалықтар қызметінің мәліметінше, пандемияға қарамастан биыл елімізде 75 орган алмастыру отасы жасалған. Оның 72-сі тірі донордан, яғни туыстарынан алынған. Қоғамда көз жұмған адамның сау мүшесін донорға беруге көбі қарсы. Мысалы электрон үкімет порталындағы статистикаға сәйкес, 11 мың адамның 10 мыңы мәйіттің мүшесін донорға бергісі келмейді екен. 



Join Telegram