Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 апреля 2020 15:20

Қазақстанда жыл соңына дейін 643 ауылда интернет қосылады

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

2018 жылдан бері еліміздегі 607 ауылға интернет жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2018 жылдан бері еліміздегі 607 ауылға интернет жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауылдарға интернет қосу үшін мемлекеттік органға байланыс операторлары көмектескен. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.

"Біздің министрліктің салалық мемлекеттік орган ретіндегі негізгі міндеті - әрбір қазақстандықтың интернетке қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету, телекоммуникация қызметтері нарығын арттырып, қызметтердің басқа да түрін арттырып, тұтынушылардың сұранысын жауып, ел экономикасын көтеру. Бұл орайда осы міндетті орындау мақсатында байланыс операторларымен бірлесе отырып, бірқатар жоба іске асырылып жатыр. Қолданыстағы байланыс туралы заңға сәйкес, байланыс операторлары өз қаражаттары есебінен байланыс жүйелерін салу және дамытуды іске асырады", - деді вице-министр.

Спикердің айтуынша, 2020 жылдың соңына дейін 643 ауылға интернет қосылады.

"Бұл жұмыс 2018 жылы басталған болатын. Екі жыл ішінде көп жұмыс жасалды. Екі жоба аясында қазіргі кезде 1200 ауылды интернет желісіне қосу жұмыстары болып жатыр. Бүгінгі таңда 50 пайыз, ол енді 607  ауыл қосылған. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасады. Қалған 643 ауыл жыл аяғына дейін интернет желісіне қосылады", - деді вице-министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети