Қазақстанда жыныстық тәрбие биыл қалай оқытылады?

26 Тамыз, 13:23
4
Қазақстанда жыныстық тәрбие биыл қалай оқытылады? - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Таяуда елімізде биылдан бастап мұғалімдердің оқушыларға жалпы пәндерге қосымша тақырып ретінде жыныстық тәрбие жайлы айтуға міндеттелетіні хабарланған еді. БҰҰ Халықты орналастыру қорының (ЮНФПА) атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев Tengrinews.kz тілшісіне мұғалімдердің мектеп бағдарламасы аясында оқушыларға жыныстық қатынас тақырыптарын қалай жүргізетінін түсіндіріп берді. 

Сисемалиевтің айтуынша, бұл жоба екі оқу орнымен (Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебі) және Білім және ғылым министрлігінің өкілдерімен әріптестік аясында жүзеге асырылып отыр. Ал орта мектептерге бұл жоба 2019-2020 оқу жылында біртіндеп енгізіле бастайды екен.

"Бұл әзірше пилоттық жоба. Ол бірден барлық мектепте енгізілмейді. Себебі ол үшін бастапқыда мұғалімдерді дайындау керек. Сондай-ақ, бұл жеке бір пән ретінде жүрмейтінін атап өту керек. Себебі министрліктегілер ол үшін сағат бөле алмайтындарын айтты. Жыныстық сауат туралы мысалы, жаратылыстану, биология сияқты пәндерде айтылып отырады. Қазірден бастап мұғалімдерді белсенді түрде дайындап жатырмыз. Себебі жыныстық тәрбие жайлы биология пәні кезінде айтылса, ол пәннің мұғалімінде ондай сауат болуы керек. Бұл - ұзақ процесс, бірден енгізіліп кетпейді", - дейді ЮНФПА атқарушы өкілі.


© Тұрар Қазанғапов

Оның айтуынша, жоба Білім және ғылым министрлігіне ұсынылғанға дейін оған 5 жылдай уақыт тәжірибе жүргізілген.

"Бастапқыда жыныстық тәрбие сабақтарын еліміздің шығыс өңірлеріндегі колледжерде жүргіздік. Себебі колледж студенттері де мектептің жоғары сынып оқушылары сияқты 16-18 жас аралығында. Бірінші кезекте әдістеме құралдарын дайындадық. Осының барлығы жақсы нәтиже көрсеткен соң, бізді Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе өңірлеріне шақырды", - дейді Сисемалиев.

Осы ретте ол курстардың қалай жүргізілетініне тоқталды.

"Айтып өткенімдей, ол жеке пән ретінде жүргізілмейді. Мұғалімдерді жақсылап оқытып шығуымыз керек. Себебі мұғалім балалардың алдында ұялмай, қысылмай немесе керісінше, ол мәселені күлкіге айналдырмай, барлығын дұрыс жеткізуі тиіс. Мұғалім өзін емін-еркін ұстануы үшін оларды да біраз оқыту керек. Бұл өте маңызды. Нақты айтар болсақ, ол курстарда біз отбасы жайлы, отбасының гендерлік рөлі туралы айтамыз. Көбіне ол талқылау түрінде өтеді. Мұғалім келіп лекциясын оқып қана кетпейді, ол балалардың отбасындағы жаңалықтар, толғандыратын мәселелерін сұрап біледі", - дейді Сисемалиев.

Айтуынша, балалар оның басты қауіптерін білсе, қателер жасамайды.

Оқи отырыңыз:

Жаңа оқу жылында білім саласында қандай өзгерістер болады?

"Қазіргідей ретімен А, Ә, Б деп үйретпеген". Ахмет Байтұрсынұлының әліппе үлгісі қандай

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц