Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 мая 2020 15:59

Қазақстанда коронавирусқа қарсы қандай дәрі қолданылып жатыр?

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

"СК Фармация" компаниясының басқарма төрағасы Берік Шәріп елімізде COVID-19 вирусына қарсы дәрі қоры жеткілікті екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"СК Фармация" компаниясының басқарма төрағасы Берік Шәріп елімізде COVID-19 вирусына қарсы дәрі қоры жеткілікті екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақпан айында СOVID-19 вирусына қарсы күресу үшін лопинавир/ритонавир, алоэ дәрілерін сатып алдық. Өкінішке қарай, тауар өндіруші компанияның атауы есімде жоқ. Алоэ коммерциялық өнім болып саналады. Біз бұл дәріні шамамен 10 мың науқасты емдеу үшін алғанбыз. Қазіргі індетті жұқтырғандар саны 6 мыңнан асты. Бізде дәрінің жеткілікті қоры бар. Егер қажет болса, оны әкелуге дайынбыз", - деді басшы денсаулық сақтау министрлігінің Facebook желісінде өткен брифингте.

Берік Шәріп коронавирусқа қарсы басқа да дәрілер тегін жеткізілгенін атап өтті.

"Сондай-ақ, гидроксихлорохин дәрісінің 18 мың таблеткасын сатып алдық. Оны үндістандық "Цикло" компаниясынан сатып алдық-ау деймін. Компанияның нақты атауы есімде жоқ. Келіссөздер барысында Sandoz компаниясы гидроксихлорохин дәрісінің 100 мың таблеткасын тегін жеткізіп берді. Жапония медициналық көмек ретінде Новиган, яғни фавипиравирдің 100 мың таблеткасын тегін жеткізді. Хлорохин фосфатының 100 таблеткасын отандық тауар өндіруші "Абди Ибрахим Глобал Фарм" компаниясы тегін жеткізіп берді. Олардың Түркияда осы дәріні өндіретін әріптесі бар", - деді басқарма төрағасы.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңнан асты. 3 777 науқас айықты, 35 адам аурудан көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети