Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 октября 2020 11:18

Қазақстанда құс тұмауының шығыны азайды - АШМ

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото REUTERS/China Daily© Фото REUTERS/China Daily©

Алдыңғы апталарда 200-300 бас (құс тұмауының шығыны) тіркелетін болса, бүгінде 20-22 бас, 10 басқа дейін түскен күндер бар. Көрсеткіштер төмен. Бұл туралы АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдулданов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алдыңғы апталарда 200-300 бас (құс тұмауының шығыны) тіркелетін болса, бүгінде 20-22 бас, 10 басқа дейін түскен күндер бар. Көрсеткіштер төмен. Бұл туралы АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдулданов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Министрлікте құрылған штаб күн сайын видеорежимде барлық облыспен осы мәселе жөнінде (жиналыс өткізеді - авт.). Бүгінде Қазақстанның әр өңірінде, әр елді мекенінде кез келген шығын болған тауықтың саны есепке алынып отыр. Ол ақпараттар бізде бар. Мысалы, соңғы ақпарат бойынша, СҚО-да жеке аулада 22 тауық шығыны болғаны туралы мәлімет бар. Басқа облыстардың арасында соңғы аптада құс шығыны тіркелген емес", - деді спикер жалпы ел бойынша құс өлімі туралы сұраққа берген жауабында.

"Үлкен трагедия". СҚО-да тәулік ішінде құс тұмауынан 180 мың тауық қырылды

Сондай-ақ Тұрсын Қаблулдановтың айтуынша, қазір елімізде құс тұмауынан шығын азайған. 

"Көрсеткіш (құс тұмауы бойынша) азайып жатыр, динамика төмендеп келе жатыр. Өйткені алдыңғы апталарда 200-300 бас тіркелетін болса, қазіргі күні 20-22 бас, 10 басқа дейін түскен күндер бар. Соңғы 12 апта бойынша Павлодар облысында құс шығыны мүлдем тіркелген емес. Сол сияқты Түркістан облысында, Ақтөбе облысында 20 күндей болды, құс арасында шығын тіркелген емес. Аудандармен, тіпті елді мекендермен есептеп отырмыз. Бізде осылардың ақпаратының бәрі бар. Қай елді мекенде, қанша тауық...", - деді ол.

Құс тұмауы адамға жұқпайды, коронавируспен байланысы жоқ - Сұлтанғазиев

Оның айтуынша, құс шығыны тіркелген аймақтар бар. Бірақ оларды тексергенде құс тұмауы анықталмаған.

"Құс болғаннан кейін, әрине, шығын болады. Оның бәрі құс тұмауынан емес. Мысалы, Шымкент қаласында 245 құс шығын болған - құс тұмауы анықталған жоқ. Түркістан облысында 353 құс шығыны тіркелді - құс тұмауы емес. Ақтөбеде 25 құстың шығыны тіркелді. Олардың бәрі тексерілді - құс тұмауы емес. Осындай жағдайлармен бүгінгі күні құс тұмауы төмендеп келе жатыр. Көрсеткіштер төмен", - деп түйіндеді спикер.

Еске салайық, 17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында құстардың жаппай қырылып жатқаны хабарланды. Сол кезде өңірдегі 10 елді мекен карантинге жабылды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева елімізде құс тұмауының қалай пайда болғанын түсіндірді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети