Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 июня 2021 10:50

Қазақстанда қылмыс айтарлықтай азайды - министр

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоколлаж: Tengrinews.kz Фотоколлаж: Tengrinews.kz

Қазақстанда қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

"Жыл басынан бері елдегі қылмыс 2,5 пайызға азайды, қарақшылық шабуыл - 7, тонау - 22, бұзақылық 26 пайызға қысқарды. Сонымен қатар, жасөспірімдер қылмысы мен мас күйінде жасалатын қылмыстар да айтарлықтай азайды және қылмысты ашу көрсеткіші жақсарды", - деді Тұрғымбаев.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен "жұртқа жақын полиция" жоспары іске асып жатыр.

"Жұмыс шеңберінде тұрғын үй айналасында, саябақтарда және скверлерде жаяу патрульдің саны көбейтіліп, қалалардың аса криминогендік учаскелерінде заманауи полицияның модульдік бекеттері орнатылып жатыр. Сол бекеттерде азаматтарды тәулік бойы қабылдап, қызмет атқару үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Сондай-ақ, "полицияны шақырту" дабыл жүйесі орнатылған. Арызданып келген азамат тікелей кезекші бөлімге хабарласа алады", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети