Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 мая 2021 13:28

Қазақстанда учаскелік полицейлердің жалақысы өседі

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда учаскелік полицейлердің жалақысы 30 пайызға көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.


Қазақстанда учаскелік полицейлердің жалақысы 30 пайызға көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Баймұқашевтің айтуынша, учаскелік инспекторлардың жалақысын көтеру жұмыс сапасын арттырып, бұл қызметке деген қызығушылықты оятады.

"Қазақстанда учаскелік полиция инспекторларының жалақасы 2019 жылы 25 пайызға, биыл жыл басынан бері олардың көмекшілерінің жалақысы 30 пайызға көтерілді. Қазір учаскелік полицейлердің еңбекақысы 177-260 мың теңге аралығында. Сонымен қатар, келесі жылдан бастап учаскелік полиция испекторларының жалақысы тағы 30 пайызға, көмекшілерінің еңбекақысы 7 пайызға көтеріледі", - деді Баймұқашев.

Комитет басшысының мәліметтері бойынша, Қазақстанда учаскелік полицейлер тапшы.

"Нормативтерге сәйкес, бір инспектор қалада 2300 адамға, ауылда 1800 адамға қызмет етуі керек. Бұл норматив орындалу үшін бізге шамамен 3,5 мың қызметкер керек. Ал қазіргі нақты жүктеме бұл нормативтен 2-3 есеге дейін жоғары, кейде тіпті бір инспекторға 4-8 мың адамнан келіп жатады", - деді Мұрат Баймұқашев.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 474.5   490.7   5.52 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети