Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 октября 2023 09:48

Қазақстандық дәрігер еліміздегі лас ауаның бала денсаулығына тигізетін зияны туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазір Алматыда ауа ластануы - белең алып тұрған мәселе. Бұл туралы экобелсенділер көптен бері айтып, дабыл қағып жүр. Әлем бойынша инсульт, өкпе қатерлі ісігі және жүрек ауруынан болатын өлім-жітімнің 3\1 ауаның ластануынан болады. Massaget.kz тілшісі интегративті дәрігер-онколог Бота Қуановадан лас ауа денсаулыққа қалай әсер ететінін, оның кесірінен қандай ауруға шалдығу ықтималдығы артатынын, сақтану үшін қандай шара қолдану керегін сұрап көрді.

Алматыдағы лас ауаның құрамында көптеген улы зат бар. Бұл улы заттың көзі зауыт, фабрика түтіні, көлік газы, өнеркәсіптік кәсіпорындар шығаратын қалдық және тағы басқа. Бұл токсиндер тізімі:

  • көміртегі (карбон) моноксиді, диксиді;
  • азот оксиді және диоксиді;
  • күкірт диоксиді;
  • пентан және гексан;
  • бензин, толуин, полициклді хош иісті бикарбондар(РАН);
  • күн сәулесінің гидрокарбондарға жанасуынан пайда болатын озон;
  • нитрозамин;
  • дизель отынынан шығатын қатты заттар.

Адамдар лас ауаның кесірінен қандай ауруға шалдығуы мүмкін?

Маманның айтуынша, ДДСҰ тұжырымы бойынша адамның ағзасына дизельден бөлінетін улы қатты заттың басқа химикаттарға қарағанда тигізетін зияны көбірек.

"Дизельден бөлінетін улы зат адамды өкпе онкологиясы, жүрек ұстамасы, инсульт, бүйрек және қуық онкологиясына шалдықтырады. Ғылыми зерттеу нәтижелеріне сәйкес бұл улы зат орталық жүйке жүйесін ерте тоздырып, бас мидың альцгеймер сияқты дегенеративті ауруларына әкеледі. Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балалар арасында ұйқының бұзылуын тудырады", - дейді дәрігер.

Азот диоксиді тоқ ішек қатерлі ісігі әкеп соғатын адам өлімімен тығыз байланысты. Дәрігер, азот диоксиді созылмалы обструктивті өкпе ауруын тудыратынын, оған қоса азот диоксиді мен дизель отынынан бөлінетін қатты зат бірігіп балалар арасында белең алып келе жатқан аутизммен байланысы бар екенін атап өтті.

"Күкірт диоксиді мигрень, балалар астмасын тудыратыны анықталған. Озон мен толуин альцгеймер сияқты нейродегенеративті аурудың пайда болуына әкеледі. Ал полициклді хош иісті бикарбонаттар өңеш қатерлі ісігіне(қылтамақ) шалдықтырады", - деді маман.

Материалдың толық нұсқасын Massaget.kz сайтынан МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 441.41   490.7   4.75 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети