Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 февраля 2021 13:54

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын қандай мақсаттарға алып жатқаны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын алудағы ең танымал мақсаттары айтылды. Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын алудағы ең танымал мақсаттары айтылды. Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ләззат Ибраимованың сөзінше, зейнетақы жинағын алуға өтініш тастағандардың 41 пайызы, әрбір екінші адам қолданыстағы ипотекалық қарызды өтеушілер.

"Екінші мақсат - толық сатып алу арқылы тұрғын үй сатып алу. Біз оған қатты таңғалдық, себебі 21 пайызы, яғни әрбір бесінші өтініш осы мақсатта түскен. Ең алдымен ол зейнетақы қорында 15 миллион теңгеден жоғары қаржысы бар адамдар. 

Үшінші мақсат - 17 пайызы туыстарына баспана алуға қолдану. 9069 қазақстандық бір-біріне көмектесуді ұйғарған: әкесі қызына, ағасына, әпкесіне деген секілді. 

Келесі мақсат - өтініш берушілердің 8 пайызы "Отбасы банкінде" тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінде тұрғын үйге ипотекалық қарыз алу. Жалпы бұл мақсатта 3708 өтініш түсті", - деді Ләззат Ибраимова. 

Зейнетақы қаражатын алу: тағы бір жағдайда өтінім қайтарылатыны айтылды

Айта кетейік, 23 қаңтардан бастап қазақстандықтардан зейнетақы жинағының бөлігін тұрғын үй алу, ипотекалық қарызды өтеу т.б. мақсатты алу үшін өтінімдер қабылдана бастады. Әзірге 212 миллиард теңгенің өтінімі мақұлданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети