Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 апреля 2020 12:20

Қазақстандықтарға көлікті онлайн түрде тіркеуге мүмкіндік берілмек

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов қазақстандықтарға көлікті онлайн түрде тіркеуге мүмкіндік берілетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов қазақстандықтарға көлікті онлайн түрде тіркеуге мүмкіндік берілетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдағы уақытта танымал қызметтің бірі - автокөлікті тіркеуді онлайн режимге ауыстырамыз. Бұл автокөлік салонынан сатып алынған көліктерге қатысты. Егер сіз көлігіңізді басқа азаматқа сатып, оны қайта тіркегіңіз келсе, оны электрон үкіметтің порталында және egov mobile мобиль қосымшасында жүзеге асыруға болады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі коронавирус жұқтырған 7 науқастың жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын хабарлағанбыз. 

Сондай-ақ, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова үкімет басшысынан көмек сұраған болатын. Ал премьер-министр Асқар Мамин елімізде егін шаруашылығын дамыту бойынша қандай жұмыстар жүргізілетінін айтқан

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 670-ке жетті. 46 науқас аурудан жазылды, 6 адам қайтыс болды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети